Select Page

«Рухани жаңғыру – ЛКА» жобалық кеңсесі

Жобалық кеңсе жетекшісі

Сарсенбаев Ақылбек Беделханұлы
т.ғ.к., ЛКА профессоры

Email: a.sarsenbaev@alt.edu.kz

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің міндеттері:

– Тұңғыш президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегиясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (12 сәуір 2017 жыл) және «Ұлы даланың жеті қыры» (21 қараша 2018 жыл) бағдарламалық мақалаларының идеясын тарату, түсіндіру және жүзеге асыру;

– «Рухани жаңғыру» идеясынан туындайтын қоғамдық сананы жаңа жағдайға бейімдеу, ұлттық кодты сақтау бағытындағы ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру, халыққа насихаттау және орындау жұмыстарын жүргізу;

– Білімгерлер мен ОПҚ-ын осы бағыттағы ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық жұмыстарына тартуға жағдай жасау, ұйымдастыру және жүргізу.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің қызметтері:

– Жобалық кеңсенің басшылығымен, академия профессор-оқытушылар құрамы мен арнайы шақырылған мамандар күшімен, «Рухани жаңғыру» идеясы негізінде қазақстандық жастарды мемлекет құраушы ұлттың тарихын құрметтеуге, өткеніміздің құндылығы жойылмаған әдет-ғұрпының дұрыс тұстарын жаңа ғасырға бейімдеу, прагматизмді насихаттау, білімге құрмет көрсету арқылы отансүйгіштік, рухани, адамгершілік, этникалық, қоғамдық келісім және толеранттылық негізінде тәрбиелеу бағытында ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен әр түрлі шаралар өткізу;

– «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастыру іс-шаралары, бағдарламалық ақпараттануы, мақаланың басты қағидаттарын қабылдауы бағытында құрылымдардағы тақырыптық конференциялар, зияткерлік ойындар, дөңгелек үстелдер, пәнаралық зерттеулер тағы басқа да ғылыми іс-шаралар, жобалар жасақтауды үйлестіру;

– қоғамдағы ұлт бірлігі, бейбітшілік, руханият, келісім, азаматтық қоғам мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдармен байланыс орнату, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу;

– Ғылыми-зерттеулер нәтижелерін БАҚ-та жариялау.

Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97, оф. 2510
Әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Приемная комиссия