Select Page

Студенттің ар-намыс кодексі

Студенттің ар-намыс кодексі (бұдан әрі «Кодекс») – өзіне деген ерекше моральдық қатынасын және адамның жеке тұлға ретінде құндылығын тануға негізделген айналасындағы қоғам тарапынан оған қатынасын білдіретін Этика санаты.

«ЛжКА» АҚ студенті-бұл:

  • Мемлекетпен пен академияның жетістіктерін ерекше қабылдайтын патриот;
  • Оқуға деген адал және шығармашылық көзқарастың, заманауи технологияларды игеруге деген ұмтылыстың мысалы;
  • Өзін-өзі жетілдіруге ұмтылған, ұлттық және әлемдік мәдениетті білетін, шет тілдерін үйренетін, басқа халықтардың дәстүрлерін құрметтейтін жоғары білімді тұлға;
  • Адамгершілік-құқықтық сана деңгейі жоғары заңға бағынатын азамат;
  • Академияның білім беру, ғылыми-зерттеу, қоғамдық, мәдени, спорттық өмірінің белсенді қатысушысы.

АР-НАМЫС КОДЕКСІНІҢ НОРМАЛАРЫ

1 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Жарғысын, ішкі тәртіп Ережелерін, Студенттер үйінде тұру Ережесін және басқа да ережелерді қатаң сақтауы тиіс. Осыларды сақтамағаны және бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеледі.     

2 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті мемлекеттік рәміздерін, мемлекеттің ең маңызды атрибуттары – әнұран, ту, елтаңба, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, Қазақстан тарихын жоғары бағалайды және біледі, «ЛжКА» АҚ-ның дәстүрін көбейтіп, аялап сақтайды.       

3 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті басқа студенттермен, профессор-оқытушылар құрамымен (әрі қарай – ПОҚ) және «ЛжКА» АҚ басшылығымен қарым-қатынаста сыпайылық пен ілтипат көрсетеді.        

4 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті академия қабырғасында ғана емес сонымен қатар тыс жерлерде де адамның шығу тегіне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына, жасына, діни немесе философиялық нанымына қарамастан құрметпен қарайды.         

5 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті өзінің жеке оқу жоспарында қарастырылған міндеттерін қатаң орындайды, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылыққа мүмкіндік бермейді, оның ішінде:

  • жоғары баға алуға, өзінің туыстық немесе қызметтік байланысын пайдалануға;
  • оқытушыға алаяқтық, арамдық жасау немесе жаңылыстыру және оған құрметпен қарамауға;
  • плагиат, ақпарат көзіне сілтемесіз басқа адамдарға тиесілі жұмыстарды пайдалануға;
  • себепсіз сабақты жіберуге немесе кешігуге;
  • парақорлық және жалған нәтижелер мен деректер ұсынуға;
  • рұқсат етілмеген көздерді пайдалануға: аралық немесе қорытынды емтиханда келісілмеген және емтихан тапсыру ереже- лерінде қарастырылмаған материалдарды, шпаргалкаларды, дәріс жазбаларын пайдаланбауға міндеттенеді.

Сабақ оқу және кез келген ресми іс-шаралар өткізу барысында ұялы телефон өшірулі болуы немесе діріл режиміне ауысты- рылуы тиіс.    

6 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті мүліктің сақталуына қамқорлық жасайды және оның аумағында вандализм көріністерінің жолын кеседі.   

7 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті академияның кітапхана-ақпарат ресурстарына ұқыптылықпен қарайды, салғырттыққа немесе оларға зиян келтіруге жол бермей

8 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті ұқыпты киінуге, шашы үйлесімді жинақталған күйде сабаққа келуі тиіс. Іскери стильде киінуі тиіс.

9 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті өзінің денсаулығына қамқорлық жасайды, «ЛжКА» АҚ-ның әлеуметтік-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсенді қатыса отырып, өзінің мәдени, моральдық және физикалық деңгейін көтеруге ұмтылады.

10 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне, сыбайлас жемқорлық дүниетанымына және студенттер мен оқытушылар арасындағы жемқорлыққа қарсы күреседі.

11 БАП
Студент еліміздің тыныштығын бұзатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі тиіс, сондай- ақ «ЛжКА» АҚ-ның беделі мен имиджіне нұқсан келтіретін рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингтерге және шерулерге қатыспауы тиіс.

12 БАП
«ЛжКА» АҚ студенті академияның мүдделеріне қайшы келетін, оларға «ЛжКА» АҚ имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін қандай да бір қызметке қатысудан бас тартады.

13 БАП
Кодекстің ережелері бұзылғанын байқаған студент, бұл туралы студенттік үкімет өкілдеріне немесе басшылыққа хабардар етеді.

Приемная комиссия