Select Page

Ұжымның бірлескен мәдениет кодексі

Бұл Кодекс «Логистика және көлік академиясы» Акционерлік қоғамы (ары қарай «ЛжКА» АҚ) жұмыскерлерінің (профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің) мінез-құлқы мен бірлескен мәдениетін дамыту және нығайту мақсатында енгізіліп отыр.

«ЛжКА» АҚ оқытушылары мен қызметкерлерінің бірлескен мәдениет Кодексі академияда қолайлы моральдық-психологиялық климатты түзуге бағытталған.

Кодексте ұжымның барлық мүшелеріне қатысты, «ЛжКА» АҚ ішіндегі, сондай-ақ одан тыс жердегі лауазымына, мәртебесіне және жүрген-тұрған орнына байланыссыз орындалуы шарт мінез-құлық ережелері мен стандарттары берілген.

Осы Кодекстің барлық нормаларын іске асырудың басты мақсаты – академия қауымдастығының ұжымдық бірлескен мәдениетін нығайту, «ЛжКА» АҚ оқытушылар мен қызметкерлердің беделін арттыру.

«ЛжКА» АҚ-ның әр оқытушысы мен қызметкері, осы Кодекстің нормаларын мүлтіксіз сақтай отырып, оның имиджі мен іскерлік беделін арттыруда өзінің үлесін қосады.

«ЛжКА» АҚ оқытушылары мен қызметкерлері атқаратын лауазымына қарамастан жұмысқа орналасқан алғашқы айында осы Кодекспен танысуы тиіс.

Қызметкерлердің осы Кодекстің негізгі талаптарымен танысуы және орындауы академияда жоғары тұрған бөлімше басшыларымен қадағаланады.

  • Бірлескен мәдениет – бұл адамдардың «ЛжКА» АҚ-да өздерін қалай ұстауы керектігін айқындайтын ережелер мен стандарттар болып табылатын ортақ әлеуметтік мүдделердің, сенімдердің, мінез-құлық нормаларының, нұсқаулар мен құндылықтардың жүйесі.
  • Бірлескен рух – бұл жалпы табысқа жеткізетін жеке және ортақ мақсаттар арасындағы қатынасты үйлестіретін, жұмыскерлердің өзін-өзі тану, топтасу, академия мақсаттарының ортақтығын сезіну тетіктері арқылы өз бойына «ЛжКА» АҚ ұжымының жеке ерекшеліктерін біріктіретін «Мен» ұғымы.
  • «ЛжКА» АҚ-ның бірлескен бет-бейнесі бірлескен мәдениеттің негізгі ұстанымдарына сәйкес келетін тұғыры, стратегиялық мақсаты мен міндеттерінің негізінде қалыптасады.

Бірлескен бет-бейненің сыртқы белгілері «ЛжКА» АҚ-ның объектілерінен (ғимараттар мен құрылыстарынан) және субъектілерінен (бірлескен БАҚ-тары мен web-сайттарынан), жарияланымдар мен ақпараттық хабарламалардағы көрнекі бейнеленген академияның бірлескен рәміздерінен (түс, логотип, ту, эмблема, әнұран, фирмалық киім, айырым белгілері мен басқа да элементтер) көрінеді.

  • Бедел – «ЛжКА» АҚ ішкі (академия ұжымының санасында қалыптасқан) жеке сыртқы (келушілердің, серіктестердің, билік органдары мен азаматтық қоғам субъектілерінің санасында қалыптасқан) образы.
  • Іскерлік әдеп (этика) – бұл өзінің қызметіне «ЛжКА» АҚ ұжымының басшылыққа алатын әдеп (этика) нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы.
  • Іскерлік тәртіп – академия жұмыскерлерінің әр түрлі іскерлік жағдайлардағы, оның ішінде іскерлік хат-хабарлар алысудағы, іскерлік қарым-қатынастардағы, жұмысқа қабылдау кезіндегі, басшылыққа қайырылудағы және т.с.с. тәртіпке келтірілген мінез-құлық ережелері жүйесін қамтитын мінез-құлық тәртібі.

Мүдделер тартысы – тұтас алғанда, ұжымның мүдделері мен бірлескен қарым-қатынастарға қатысатын жекелеген субъектілер немесе субъектілер топтарының мүдделері арасында таңдау жасау жағдайлары

Приемная комиссия