Select Page

Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясына байланысты студенттер мен қызметкерлердің денсаулығына алаңдаушылық білдіре отырып “М. Тынышпаев ат. ҚазККА” АҚ-ның 31.12.2020 ж. (№5 хаттама) Ғылыми кеңесінің отырысында академиялық күнтізбе мен оқу процесінің кестесіне сәйкес 2020-2021 оқу жылының 2 семестрінде күндізгі оқу нысаны бойынша студенттерді білім берудің барлық деңгейлері үшін (бакалавриат, магистратура және докторантура) аралас және қашықтан оқыту форматтары бойынша оқытуды жалғастыру туралы шешім қабылдады»:

1. Бакалавриат:

– “Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары”, “Қызметтер (Көлік қызметтері)” бағыттары бойынша бакалавриат студенттері үшін аралас формат)»;

– Дайындықтың барлық басқа бағыттары үшін қашықтан оқыту форматы.

2. Магистратура-дайындықтың барлық бағыттары бойынша қашықтан оқыту форматы.

3. Докторантура – барлық бағыттар бойынша қашықтан оқыту форматы.

Академияның оқу корпусында санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, күндізгі дәстүрлі форматта зертханалық практикумдарды өткізу мерзімдері Академияның сайтында орналастырылған Академиялық күнтізбе мен “ҚазККА” ақ оқу процесінің кестесі негізінде айқындалған.

“Логистика және басқару” факультетi: +7 (727) 292 16 55
“Автоматтандыру және телекоммуникациялар” факультеті: +7 (727) 296-41-69
“Көлік техникасы және құрылыс” факультеті: +7 (727) 292-17-34

Приемная комиссия