Select Page

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасының  ұйымдастыруымен 2021 жылдың 23 қараша күні сағат 15.00-де 2514 аудиториясында ТЛ-20-1 тобы студенттерінің және профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Шығыс қыраны – Жұмабай Шаяхметов» тақырыбында іс-шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тарихында өзіндік орны бар, республика экономикасы дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері Жұмабай Шаяхметов атамызды жастарға үлгі ету.

Шара барысында ұлы тұлғаның өмір жолы, шығармашылығы, еңбектері, қызметтік жолдары туралы деректер келтірілді, видеоролик көрсетіліп таныстырылды. Шара соңында әр топ студенттері айтылған мәліметтер бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, талқылап, қорытындылады.

Приемная комиссия