Select Page

22 желтоқсан, 2021

Логистика және көлік академиясында «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында 2021 жылдың 22 желтоқсанында қонақ дәрістері бағдарламасы аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының Алматы сигнализация және байланыс дистанциясының инженері Б.С. Рахметовамен «ДО микропроцессорлық жүйелердің ерекшеліктері» тақырыбында кездесу өткізілді.

Қазақстандық алғашқы жоғары оқу орындарының бірі Логистика және көлік академиясы стратегиялық жоспарлауға кірісті, білім беру құрылымын өзгертті, білім беру бағдарламаларын оңтайландырды. Мұның бәрі күтпеген аналитикалық шешімдер арқылы жаңа жағдайларға тез бейімделуге қабілетті бірегей мамандарды дайындауға арналады.

Алматы сигнализация және байланыс дистанциясы өз кезегінде мамандарға кәсіби дамуды жеделдету үшін білім, іргелі база және заманауи құралдар береді.

Қоғам үшін маңызды екі субъектінің (Қазақстан темір жолы мен Логистика және көлік академиясы) тәжірибесін, күш-жігері мен білімін біріктіру теміржол көлігі саласындағы мамандардың мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашатыны анық.

Алматы сигнализация және байланыс дистанциясы студенттермен және оқытушылар құрамымен кездесуді бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Дәріс тақырыбы – «ДО микропроцессорлық жүйелердің ерекшеліктері» – деп кездейсоқ таңдалған жоқ. Темір жол көлігінің негізгі міндеті – жолаушылар мен жүктерді максималды өнімділікпен, ең аз шығынмен және пойыздар қозғалысының кепілдендірілген қауіпсіздігімен тасымалдауды жүзеге асыру.

Темір жол көлігінің өнімділігін арттырудың ең тиімді жолдарының бірі – тасымалдауды басқару орталықтарын (ТБО) құру арқылы тасымалдау процесін басқарудың тиімділігі мен сапасын арттыру.

Дәріс барысында студенттер мен ПОҚ сұрақтар қойды, кері байланыс орнатылды, кәсіби мақсаттар қою кезінде әртүрлі типтік мәселелер бойынша пікірталастар белсенді жүргізілді. Дәріс жоғары білікті деңгейде өтті.

Қорытындылай келе, дәріскер тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді, мансаптық өсу стратегиясы бойынша өз ұсыныстарын және нәтижелерге қол жеткізу үшін қадамдық нұсқаулықтарды берді.

Жалпы, дәріс өте қызықты, өзекті болды, тәжірибеден алынған мысалдарды кез келген маманның қызметінде қолдануға болады.

Жиын соңында «Автоматтандыру және басқару» кафедрасы Б.С. Рахметоваға бөлген алтын уақыты үшін алғысын білдірді және естелік ретінде ЛКА жинағын ұсынды.

Приемная комиссия