Select Page

2022 жылы, 2 наурыз күні №7 қалалық емхана өкілдерімен «Алкоголь бұл у», «Мен темекі шегуге қарсымын!», «Туберкулездің алдын алу», «Ерте жүктілік» тақырыптарында кездесу өтті. Гинеколог дәрігер Мамыраимова Дария Маратовна туберкулездің алдын алу, оның белгілері мен емі туралы презентация жасады. «AQ JOL» жастар денсаулық орталығының еріктілері темекі шегу, алкогольдің, есірткі заттардың зияны және әйел ағзасы үшін ерте жүктіліктің салдары туралы презентация жасады. Сондай-ақ, еріктілер жастар арасында кеңінен таралып жатқан есірткі, алкоголь және темекі шегу сияқты мәселелерге сауалнама жүргізді. Профилактикалық әңгіме барысында студенттер өздерін толғандыратын тақырыптарға сұрақтар қойды.

Приемная комиссия