Select Page

2022 жылы 6  қыркүйек күні «№7 Қалалық емхана» КМК Отбасы күніне орайластырылған Ашық есік күнін өткізді. Осы іс-шара аясында
«Aq Jol» Жастар денсаулық орталығының мамандары бірқатар іс-шаралар өткізді, оларға біздің Академия студенттері  де белсене қатысты.

Отбасын жоспарлау кабинетінде Жастар денсаулық орталығының гинекологы репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес беріп және денсаулықты нығайту үшін отбасы институтының рөлін арттыру керек екеніне үлкен мән берді. Қатысушыларға АИТВ инфекциясына жедел тестілеу жүргізіліп, контрацептивтер таратылған. Сондай-ақ, денсаулық орталығында түсік түсірудің зияны, контрацепция әдістері және гинекологиялық аурулардың алдын алу туралы семинар-тренинг өткізілді.

Осы іс-шараға біздің студенттер белсенді түрде қатысып, қыздарымыз гинеколог, психолог дәрігерлерінің қабылдауында болып, АИТВ инфекциясына жедел тестілеуден өтіп келді. Білім алушыларымыз керемет әсер алып, білімдерін одан ары жетілдірді.

Приемная комиссия