Select Page

2022 жылдың 20 мамырда Халықаралық ынтымақтастық және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар департаментінің ұйымдастыруымен академия студенттері мен түлектері үшін «Ашық есік күні» өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты академия студенттері мен түлектеріне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы ақпараттар беріп, таныстыру. Іс-шара аясында түлектің академияның магистратурасы мен докторантурасындағы білім бері бағдарламаларының артықшылықтары, болашақ кәсібі туралы, бағдарламаларға қабылдау және оқыту үдерісі таныстырылды. Түлектер мен стунденттер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары туралы толық ақпаратпен және туындаған сұрақтары бойынша жауаптар мен пайдалы кеңестер ала алды.

Ашық есік күніне академияның студент-түлектері қатысты. Халықаралық ынтымақтастық  және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар департаментінің бас мамандары мен Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы магистратура, докторантура бойынша және оған қабылдау жөнінде презентациялар көрсетті.

Ұйымдастырылған шарада академия институттарының студенттері белсенділік танытты.

Приемная комиссия