Select Page

2022 жылдың 25-ші ақпанында «Автоматтандыру және басқару»  кафедрасының күніне орай, кафедраның 3-ші курс студенттері арасында  «XXI – ғасыр көшбасшысы» атты  зияткелік білім сайысы өтті. Ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты академия  студенттерін білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, оларды оқулықтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту болды.

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы педагог С. Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады. Себебі, білімді жастар біздің жарқын болашағымыз.

Аталмыш сайыс «Бәйге», «Логика әлемінде», «Дода» және «Жас инженер» деп аталатын кезеңдерден тұрды.

Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойына жететін білім алу моделінен, өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» – деп айтып кеткен. Көрегенділігімен ерекшеленген елбасының насихатына білімді студенттеріміз барлық уақытта назар аударып  келеді.

«Сайыста ең маңыздысы жүлде  алу емес, қатысу»- дей отырып, жеңіске лайықты жастарымыз лайықты түрде мадақталды.

Приемная комиссия