Select Page

2022 жылдың 18 мамырында «Логистика және көлік академиясының» әдістемелік қамтамасыз ету және мансап бөлімі академия студенттері мен түлектері үшін «бос орындар жәрмеңкесін» өткізді. Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты академия студенттері мен түлектеріне жұмыс орындарын іздеуде, ал жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарына үміткерлерді таңдауда көмек көрсетуді ұйымдастыру болды. Кейбіреулер үшін бұл тез жұмыс табу мүмкіндігі, ал басқалары үшін бұл іскерлік қарым-қатынас дағдыларын алу мүмкіндігі. Түлектер Бос жұмыс орындар туралы ақпаратты және туындаған сұрақтарға жауаптарды тікелей ала алады, түйіндемелерін қалдыра алды, сұхбатты сәтті өту үшін пайдалы кеңестер ала алды. Жәрмеңкеде ұйымдар кеңес берді, сұрақтарға жауап берді, флайерлер, буклеттер таратты.

Бос орындар жәрмеңкесін әдістемелік қамтамасыз ету және мансап бөлімі (ЖҚжӘБ) өткізді.

Приемная комиссия