Select Page

2021 жылдың желтоқсан айының 22-ші жұлдызы күні, қалыптасқан дәстүр бойынша айтулы мереке энергетиктер күніне арналған «ЭНЕРГЕТИКА – болашағымыздың алтын бесігі» атты мерекелік жиын өткізілді (Жауаптылар: Онгар Б., «Энергетика» кафедрасының 1,2,3,4 курс студенттері). Сонымен қатар осы энергетиктер күніне тұспа тұс кафедрамыздың құрылуына 34 жыл толуына байланысты, осы мерекелік жиынымызды кафедрамызға арнадық.

Энергетиктер күні энергетиктердің кәсіби мерекесі, олар зауыттар мен фабрикалардың, басқа да өндірістік кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін қажетті электр энергиясын қамтамасыз етеді, сондай-ақ электрлендірілген жолдарды электрмен жабдықтаумен айналысады.

 «ЭНЕРГЕТИКА – болашағымыздың алтын бесігі» атты мереке барысында «Үздік ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИК-2021» номинациясы бойынша ойын сайысы ұйымдастырылды, «Энергетика» саласы бойынша жұмбақтар, логикалық сұрақтар, сұлбалар құрастыруылып және де тағы басқа ойындар ұйымдастырылып, сауалнамалар жүргізілді. Ойын нәтижесінде оқытушылар мен студенттерге номинациялар бойынша мадақтамалар мен сыйлықтар табысталды.

Приемная комиссия