Select Page

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 12 сәуір Ғылым күнімен құттықтаймын! Бәрімізге Академияның  ғалымдарының ғылым жолындағы жетістіктері мен еңбектері мәлім.  Академияда 20  ғылым докторы, 107 ғылым кандидаты мен 14 (PhD)  философия докторлары қызмет атқарады. Диссертациялық кеңестер 2018-2019 және 2019-2020 оқу жылдарында 6 бағыт бойынша жұмыс жасады.

Академия тарихындағы қазіргі күрделі кезеңге қарамастан ғалымдарымыз қалыптасқан Ғылыми деңгейін жоғалтпауы, жаңа заман талабына сай дамуы қажет. «Ғылым туралы» заңның аясы, қазіргі кіргізілген өзгерістер ғылыммен айналысуға көптеген мүмкіндіктер беріп отыр.

Қазіргі бәсекелестік жағдайында, ғылыми жұмыстардың жүйелік жолға қойылуы, оның табысты болуы, ғылыми мақалалардың халықаралық беделді басылымдарда жариялануы,  іргелі және қолданбалы ғылымдар саласы бойынша ғылыми жобалардың орындалуы, жас ғылымдардың белсенділігі, Академияның даму стратегиясының  негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Құрметті Академия ғалымдары, әріптестер сіздерді Ғылым күнімен құттықтай отырып, бастарынызға амандық, денсаулық және ғылым жолындағы еңбектеріңізге сәттілік және табыс тілеймін!

Академияның ғылыми мақалалары, ғылыми жобалары, жоғары оқу орындары арасында жоғары рейтингтерге ие болсын!

 Құрметпен, Салтанат Нұрәділқызы!

Приемная комиссия