Select Page

Логистика және Көлік Академиясының ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеулер оқу және тәрбие үдерістерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

20 сәуір 2022 жылы Логистика және Көлік Академиясының «Көліктегі логистика және менеджмент» кафедрасы ЛКА-да Ғылым және инновациялар айына арналған «PRODLOG» ресурс тиімділігі жоғары өндірістік логистикада Болон қағидаттарына негізделген магистрлік бағдарламаны әзірлеу» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өткізді.

Спикерлер ресурс тиімділігі жоғары өндірістік логистика (ECTS) бойынша магистрлік бағдарламаны әзірлеу және енгізу тәжірибесімен бөлісті. Бұл академия білім алушыларының академиялық ұтқырлығы мен қос дипломды білімін дамытуға мүмкіндік береді.

Семинарға қатысушылар білім алушылар мен ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмыстарын, жобаларын дамыту, пандемия салдары, сондай-ақ әлемдік экономикадағы өз позициясын нығайту үшін Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлін күшейту туралы мәселелерді талқылады.

Приемная комиссия