Select Page

Қайырымдылық акциясын Логистика және көлік академиясының студенттері өткізді. Олар көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек жинауды ұйымдастырды. Акция Жастар саясаты кеңсесінің Студенттік үкімет және «Рухани Жаңғыру»» жобалық кеңсесінің белсенділері студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Біздің белсенділер осы отбасының балаларына көмектесуге тырысты. Қайырымдылық акциясы аясында студенттер Академияда көмек жинауды ұйымдастырды. Көптеген студенттер мен оқытушылар жауап беріп, шын жүректен көмектесуге тырысты. Отбасыларға азық-түлік, түрлі сыйлықтар табыс етілді.

Академия студенттері мұндай іс-шаралар тұрақты негізде ұйымдастырылатынын атап өтті.

Приемная комиссия