Select Page

2021 жылдың 15 қазанында № 1 Студенттер үйінің оқу залында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының мүшесі, «Ademi Travel», «Ademi Textil» және «Q Time Production» компанияларының негізін қалаушы Тлеухан Омарханмен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы «Жеке кәсіпкерліктің басталуы».

Кездесу жағымды және достық атмосферада өтті. Кездесуде бизнесмен өзінің жетістігінің құпиясымен бөлісті, студенттік кезден бастап өзінің кәсіпкерлік жолын қалай бастағаны туралы айтып берді. Студенттер бизнесменге оның қызмет түрінің негізгі тұстарын ашатын сұрақтар қойды. Атап айтқанда, олар бизнесті сәтті құрудың құпиясы неде деген сұрақ қойды.

Студенттерді бизнес пен оқуды қалай біріктіруге болатындығы, ол өзінің кәсіпкерлік қызметінде қандай қиындықтарға тап болғаны, бизнестегі өз бағытын қалай таңдау керектігі және т.б. туралы сұрақтар қызықтырды, оларға Тілеухан толық жауап берді.

Кәсіпкермен кездесу қызықты өтті!

В АЛиТ прошла встреча студентов с предпринимателем!
Приемная комиссия