Select Page

Әр елдің болашағы өзінің тәрбиелеп отырған баласына байланысты. Әр елдің құнды, әрі теңдесіз капиталы –бала. Ендеше, сол жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы, бәсекеге сай болуы – біз жасаған мүмкідіктер арқылы жүзеге асады.

ЖаҺандану тенденцисы да жастардың функционалдық сауаттылығын талап етеді. Осы тенденцияға сай болу үшін елімізде жастар үшін түрлі бағдарламалар жасалып, жүзеге асуда. Соның негізінде еліміздің жастары өзге елдерде білім алып, өз елімізде сол алған білімін жұмсауда.

Қазіргі заманғы сын – қатерлерге жауап бере отырып және жалпыға қолжетімді дамудың қолайлы мүмкіндігін қолдай отырып, М.Тынышпаев атындағы Ақтау көлік колледжі Түркия мемлекетінің елшілігімен осы мәселе бойынша келіссөз жүргізді. Нәтижесінде біздің студенттеріміз бұл мемлекеттің логистикалық ірі компанияларынан тәжірбиеден өтуге мүмкіндік алып, оқытушыларымыз көлік және логистикалық бірлескен  жобаларға қатысатын болды. Алдағы уақытта бірлескен жоспар жасалып, түрлі жоба жүзеге асатын болады. Сондай-ақ, Түркия мемлекетінің студенттеріне өз оқу орнымыздан білім беру үшін де жағдай жасалатын болады. Алдағы уақытта екі ел көлік және логистика саласында сенімді серіктес болады деген сеніміміз мол

Приемная комиссия