Select Page

Логистика және көлік академиясы өзінің профессорлық-оқытушылық құрамын мақтан тұтады!

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы  өз дағдылары мен құзыреттерін жақсартуда аса белсенді, ғылыми-зерттеу жобалары  мен халықаралық бағдарламаларды ұсынады және қатысады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. Қ.А. Ерғалиевтың «Ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар беру туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы, №600 бұйрығына сәйкес Логистика және көлік академиясының, «Магистральдық инженерия» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Бақыт Ғабит Бақытұлы мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанды.

Мемлекеттік стипендия 75 қазақстандық ғалымға, оның ішінде 50 жас ғалымға берілді.

Ғабит Бақытұлына, шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, Академия ұжымына жаңа инновациялық жобалар мен  мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

Приемная комиссия