Select Page

Мемлекет қайраткері Н.Қ.Исингариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көлік әлеуеті: бастаулар мен перспективалар» халықаралық ғылымитәжірибелік конференциясы

 «Логистика және көлік академиясы» АҚ Сіздерді 2021 жылғы 29 қыркүйекте Логистика және көлік академиясының базасында өтетін мемлекет қайраткері Н.К.Исингариннің 80 жылдығына арналған «Қазақстанның көлік әлеуеті: бастаулары мен перспективалары» атты халықаралық ғылымипрактикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференцияның мақсаты: белгілі мемлекет қайраткері, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы көлік министрі Н.К.Исингариннің көлік – логистика саласының жұмыс істеу қызметі призмасы арқылы Қазақстанның теміржол көлігінің қазіргі заманғы даму үрдістерін бағалау, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуының негізі – теміржол кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізу бойынша ұлттық тасымалдаушының бүгінгі ауқымды жұмысын көрсету, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның мынадай бағыттары бойынша көлік жүйелерін ықпалдастыру мен инновациялық дамытудың теориялық және практикалық мәселелеріне байланысты тәжірибе және білім алмасу

 

Конференцияның өтетін күні мен орны: 2021 жылғы 29 қыркүйек, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 97, «АЛТ» АҚ.
Тел: +7(727)292 44 85
e-mail: isc@alt.edu.kz

Приемная комиссия