Select Page

2022 жылғы 25 ақпан. сағат 11.00-де «Логистика және көлік» академиясында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы «Транстелеком» АҚ филиалының желіні дамыту қызметінің бастығы Балтаев Спартак Дайырбекұлымен «Транстелеком» АҚ миссиясы  тақырыбында онлайн-кездесу  ұйымдастырды.   

«Транстелеком» АҚ – АТ, байланыс, автоматика және энергетика саласында телекоммуникацияларға, цифрландыруға және жүйелік интеграцияға маманданған Қазақстан Республикасының ең ірі байланыс операторларының бірі. Онлайн-кездесу студенттер үшін өте қызықты болды, «Транстелеком» АҚ туралы көп нәрсе білді және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды. Кездесу соңында Транстелеком базаларында тәжірибеден өту үшін ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Онлайн-кездесулерге қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия