Select Page

«Тілдік дайындық» кафедрасының ғылыми жұмыстар бойынша семинарында 2 баяндама жасалып, білімгерлердің білім сапасын көтерудің жолдары жөнінде талқылау өтті. Қауымдастырылған профессор ф.ғ.н.,
Б.А. Таңсықбаева «Қазақ тілі сабағында интерактивті құралдарды қолдану арқылы құзіреттілікті арттыру» тақырыбында баяндама жасап, білім беру үрдісін  ақпараттандыру және жаңа технология заман талаптарына сай интерактивті құралдарды қолдану, бағыттап оқыту, логикалық  ойлау қабілеттерін дамыту қажеттіліктеріне тоқталды. Интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс жүргізу, сабақ барысында   білімді бақылау, сабаққа сайттарды пайдалану әдістеріне тоқталды. Бұл әдістер білімгерлерге мотивация беріп, сабаққа қызығушылықты арттырып,  интерактивті құралдармен    өткізген сабақтар   білімгерлерге өте тиімді  екендігімен қорытындыланды.

Приемная комиссия