Select Page

Алмалы ауданы әкімдігінің, әлеуметтік-тәрбие жұмысы Департаментінің және «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесінің бастамасымен 2021 жылдың 19 қазанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 35 жылдығын мерекелеу аясында желтоқсан оқиғаларына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға бірлестік мүшелері А. Махатов, А. К. Дуспанова, Т. Тұрысбаев қатысты.

Іс-шараны тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Абдуллаев Сайдулла Сейдаметович ашты. Кездесу қонақтары 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы естеліктерімен бөлісті.

Іс – шараның мақсаты-студенттердің патриоттық және азаматтық жауапкершілігін, жоғары адамгершілігін тәрбиелеу, өз отанының тарихына мақтаныш және қатыстылық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Кездесу соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Абдуллаев Сейдулла Сейдеметұлы барлық қатысушыларды келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, іс-шара қонақтарына естелік сыйлықтар табыс етті.

Приемная комиссия