Select Page

2021 жылдың 19 қараша күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Логистика және көлік академиясының және Алматы көлік колледжінің 1-2 курс студенттері арасында ҚОЛ КҮРЕСІНЕН  жарыс  өткізілді. Аталған жарысқа 62 студент қатысып, бақ сынасты. Тартысты жарыстың нәтижесі бойынша ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сол қол бойынша «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының студенттері Советқанов Әділ 1 орынды, Тұрсынбек Нұртас 2 орынды, ал Алматы көлік колледжінің студенті Мұқажан Мади 3 орынды иеленді. Оң қол бойынша «Көлік инженериясы» институтының студенттері Алтаев Нұрсұлтанға 1 орын, Таншанло Мансурға 2 орын, «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының студенті Тұрсынбек Нұртасқа 3 орын тиесілі болды. 70 келі салмақ дәрежесінде сол қол бойынша 1 орынды «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» институтының студенті Арын Ерлан, 2 орынды Алматы көлік колледжінің студенті Мамутов Ислам, 3 орынды «Көлік инженериясы» институтының студенті Бекен Дастан иеленді. Оң қол бойынша «Көлік инженериясы» институтының студенттері Қалмаханұлы Рауанға 1-ші орын, Бекен Дастанға 2-ші орын, «Логистика және басқару» институтының студенті Рымбеков Олжасқа 3-ші орын тиесілі болды. 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сол қол бойынша 1 орынды «Көлік инженериясы» институтының студенті Ливазходжаев Шамиль, 2 орынды «Логистика және басқару» институтының студенті Жаппар Нұрдәулет, 3 орынды «Логистика және басқару» институтының студенті Булатов Ислам иеленді. Оң қол бойынша 1 орын «Көлік инженериясы» институтының студенті Файзулла Ғабитке, 2 орын «Логистика және басқару» институтының студенті Молдабаев Әмірланға, 3 орын «Көлік инженериясы» институтының студенті Жұмақан Әділетке тиесілі болды.

Қыздар арасында 60 келі салмақ дәрежесінде Алматы көлік колледжінің студенттері Құлман Аружан 1 орынды, Бахтбекова Шахризода 2 орынды, Кумпейсова Бағжан 3 орынды иеленді.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер Логистика және көлік академиясының мақтау грамоталарымен марапатталды.

Приемная комиссия