Select Page

2022 жылғы 25 мамырда сағат 15:30-да Академияда бейресми жағдайда Академияның студенттік активі Алматы қаласы мәслихатының депутаттарымен «Референдум-демократияның жоғары көрінісі»тақырыбында кездесті.

Референдум-ел дамуы үшін маңызды қадам. Ол мемлекеттік басқару жүйесін өзгертеді және елдегі саяси өмірге жаңа серпін береді.

Еліміздің одан әрі саяси жаңғыруына қатысты және саяси өзгерістерді одан әрі нығайтуға бағытталған ең маңызды бастамалардың бірі Президенттің ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өткізу туралы ұсынысы болып табылады.

Кездесу спикерлері:

Алматы қаласы бойынша Jas Otan жастар қанатының төрағасы, Аманат партиясы жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі-Кеңесов Әкежан

«BAS LIGA КВН» директоры, Аманат – Сағынұлы партиясы жанындағы Жастар кеңесі төрағасының орынбасары Алмас

Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Аманат партиясы жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі-Күнтубай Айдар

Алматы Студенттер Альянсы » ұйымы директорының орынбасары – Файзуллаев Қадырбек

Кездесу барысында қатысушылар алдағы референдум туралы және қоғам мен ел өміріне жан-жақты әсер ететін дауыс беруге қатысудың маңыздылығы туралы пайдалы ақпарат алды. Болашақ-жастардың қолында, әрбір бүгінгі іс жарқын болашақты құрудың негізі болуға тиіс.

Приемная комиссия