Select Page

2022 жылы, 30 наурызда «Логистика және көлік академиясы» АҚ, «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында «шақырылған қонақтың дәрістері» бағдарламасы аясында «Алматытранстелеком» АҚ  филиалынының техникалық директоры Қабдолда Серік Болатұлының «Талшықты-оптика кабелінің байланыс жолын өлшеу әдістеріне талдау» тақырыбында академия студенттерімен кездесуі өтті.

«Алматытранстелеком» АҚ филиалының техникалық директорымен келген инженер мамандар дәріс тақырыбы бойынша оқылған теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыдан көрсетіп, білім алушыларға талшықты-оптикалық кабельдің талшықтарын дәнекерлеуші аппаратпен жалғау, жалғану орнын тексеру, жалғанған талшықтарды оптикалық сөреге (кросс) орналастыру әдістерін көрсетіп, одан кейін, талшықты-оптикалық байланыс жолын өлшеуге арналған оптикалық рефлектометр, тестердің жұмыс істеу принциптерін жан-жақты түсіндіріп берді.

Білім алушылар шақырылған қонақтың дәрісінің тақырыбына қызығушылық танытып, қолмен ұстап, көзбен көргеннен кейін, көкейлерінде туындаған сұрақтарын қойып, қарапайым тілде жауап алғандарына мейлінше риза болды.

Біз «Алматытранстелеком» АҚ филиалының техникалық директоры Қабдолда Серік Болатұлы мен инжененр мамандардың академиямызға келіп, болашақ «Радиотехника, электроника және телекоммуникацялар» мамандығы бойынша диплом алып шығатын маман иелерінің атқаратын жұмыстарын көрсетіп, оларға қызығушылық танытқандарына шексіз алғысымызды білдіреміз!

Приемная комиссия