Select Page

2021 жылдың 5 желтоқсанында профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер М. Әуезов драмалық театрында болатын «Жүз жылдық махаббат» атты драмасына ұжымдық сапармен қатысты.

Заманынан озып туып, соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған, көрнекті ақын, Алаш ардагері Мағжан Жұмабаев тағдырының ақтаңдақты тұстары аз емес. Халық жауы науқанымен екі рет ұсталып, қырық төрт жыл ғұмырының он жылын қапаста, түрмеде өткізген ақынның қасіретті тағдыры спектакльде аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі.

Театрға келудің басты мақсаты – студенттердің жалпы мәдениетін қалыптастыру, студенттердің зияткерлік, көркемдік-эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту, мәдениеттің жалпы эстетикалық деңгейін арттыру, жалпы эрудиция мен бейнелі ойлауды дамыту.

Приемная комиссия