Select Page

2022 жылдың 01 наурызында «АКҚ ж ӨТҚ» кафедрасының «Ұлылықтың жолында ұстаз тұрар» атты тақырыпта «Кафедра күні» өтті. Бұл іс-шараға оқытушылар құрамы мен кафедраға қарасты мамандықтардың студенттері қатысты. Шара барысында жастар өмірінде ұстаздың алар орны жайлы әңгіме өрбіп, кафедра құрылымы мен жұмыстары туралы танысу слайдтары көрсетілді, студенттер таңдаған мамандықтары бойынша ғылыми бағыттармен танысты. Соңында білім алушылар арасында көлік техникасы сұрақтары бойынша викторина ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

Font Resize
Contrast
Приемная комиссия