Select Page

19.10.2021ж. Логистика және көлік академиясының қабырғасында «JOO ANALYTICS» Бас директоры Қанат Бекниязұлы Уксикбаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында бірлескен жұмыс үшін перспективалық бағыттар талқыланды.

«JOO.KZ»- адаптивті оқу форматында ҰБТ-ға онлайн- дайындық платформасы.

Кездесудің басты тақырыбы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отыру болды. Білім беру, коммерциялық, маркетингтік, консультативтік және басқа да бағдарламаларды іске асыруға бағытталған әріптестік қатынастарды орнату және өзара тиімді ынтымақтастығын; Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың ҚР Заңнамасы аясында оқу орнында білім алу және түрлі білім беру бағдарламаларында білімдерін арттыру мақсатында меморандумға қол қойылды.

Приемная комиссия