Select Page

30 қараша күні сағат 14-30 да «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және дене тәрбиесі» кафедрасы «Ж. Шаяхметовтың қоғамдағы ролі» атты дөңгелек стол ұйымдастырды. Академияда «Жұмабай Шаяхметовтың» құрметіне бір апталық бағдарлама жүргізілді. 30 қараша күні Ж. Шаяхметов туралы жазылған кітаптың тұсаукесері өткізілді. Кеңестік және қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, жазушы, журналист, саясаттанушы, тарихшы Ресей Жаратылыстану Академиясының академигі, Еуразия теледидар және радио академиясының академигі. Тарих, саясаттану және медиабілім, азаматтық қоғам бойынша жұмыстардың авторы. Қазақстан журналистикасының танымал зерттеушісі. Ұлы Отан соғысына қатысушы жауынгерлерді іздестіруші –  Ахметова Лайла Сейсембекқызына сөз берілді. Лайла Сейсембекқызы Жұмабай Шаяхметов туралы жазған кітабының ерекшелегі мен тарихи маңызын айта отырып, сталиинің дәуіріндегі Жұмабай Шаяхметовтың қазақ халқына жасаған ерен ерліктерін айтып берді. Студенттер сұрақтар қойып, ол кісі жауап берді. Одан кейін сөз кезегі Жұмабай Шаяхметовтың немересі Хафизова Лейла Хамитовнаға берілді. Ол кісі Шаяхметовтың экспонаттарын әкеліп студенттерге таныстырумен қатар атасы туралы естеліктерді студенттерге өте әсерлі әңгімелеп берді. Одан кейін Жұмабай Шаяхметов туралы фильм көрсетілді. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., профессор Ардақ Серікбайқызы сөйлеп, сол кезеңдердегі архив деректері туралы көптеген қызықты деректерді әңгімелеп берді. Кафедраның ассоц профессоры, т.ғ.к., Шамшиева Гаухар Сағындыққызы келген құрметті қонақтарды сыйлықтармен марапаттады.

Приемная комиссия