БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6В07179 – Көлік магистральдарын инжинирингі және басқару

Көлік жолдарын жобалау, салу, пайдалану және басқару саласында терең теориялық білімі мен практикалық дағдылары бар, күрделі инженерлік міндеттерді шешуге және көлік инфрақұрылымының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады

6В07179 білім беру бағдарламасының ерекшелігі — көлік магистральдарын жобалау, салу, пайдалану, диагностикалау, жөндеу, реконструкциялау және жаңғырту кезеңдерін біріктіретін инженерлік даярлық пен басқару құзыреттерінің ұштасуы. Бағдарлама теміржол және автомобиль магистральдарын, сондай-ақ жасанды құрылыстарды қамтиды. Оқу жоспарында жобаларды басқару, сметалық іс, көлік инфрақұрылымының жай-күйін бақылау және цифрлық жобалау құралдары — CAD/САПР, BIM, ГАЖ және жасанды интеллект қарастырылған. Бағдарламаның ерекшелігі — осы бағыттардың бір білім беру траекториясында біріктірілуі.

Бағдарламаны аяқтаған түлектер:

  • инженерлік шешімдерді есептеу және негіздеу кезінде математикалық және механикалық әдістерді қолданады;
  • жобалау кезінде инженерлік ізденістердің нәтижелерін, топырақтардың, материалдар мен конструкциялардың қасиеттерін ескереді;
  • теміржол және автомобиль магистральдарын салу, күтіп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі шешімдерді әзірлейді;
  • көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау, мониторингтеу және техникалық жай-күйін бағалау үшін САПР, BIM, ГАЖ және цифрлық технологияларды пайдаланады;
  • құрылыс және пайдалану процестерін ұйымдастырады, жұмыстардың мерзімдерін, ресурстары мен құнын жоспарлайды;
  • жобалық шешімдердің қауіпсіздігін, сапасын, экономикалық тиімділігі мен экологиялық орнықтылығын бағалайды;
  • мониторинг пен диагностика деректерін талдап, қажетті жұмыстарды жоспарлауда қолданады.

Түлектер жобалау, құрылыс, пайдалану және жол-пайдалану ұйымдарында, көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында, сапаны бақылау және техникалық қадағалау бөлімшелерінде, сондай-ақ инженерлік және зерттеу ұйымдарында жұмыс істей алады.

Ықтимал лауазымдар: инженер-жобалаушы, көлік магистральдарын пайдалану жөніндегі инженер, теміржол жолдарын, автомобиль жолдарын немесе жасанды құрылыстарды жөндеу жөніндегі инженер, инженер-геодезист, инженер-сметашы, сапаны бақылау жөніндегі инженер, өндірістік-техникалық бөлім инженері, диагностика және мониторинг жөніндегі инженер, инженер-технолог, учаске шебері, жұмыс өндіруші (прораб), жоба маманы немесе менеджері. Учаске бастығы, жоба жетекшісі және бөлім бастығы сияқты лауазымдарға, әдетте, тиісті өндірістік тәжірибесі бар мамандар тағайындалады.

Skip to content
Приемная комиссия