БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
7M06238 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Профильдік бағыт (1 жыл)
Инженерлік біліміңізді жетілдіріп, заманауи байланыс пен электроника әлемінде жаңалық жасаңыз!
- Бұл қандай білім беру бағдарламасы?
- Сіз кім болып жұмыс істей аласыз?
- Оқу барысы қалай жүреді?
- Сіз нені үйренесіз?
- Материалдық-техникалық база
- Халықаралық мүмкіндіктер, мансап және кәсіпкерлік
Бұл профильдік бағыттағы магистратура бағдарламасы радиотехника, телекоммуникация және электрондық жүйелер саласындағы терең білім мен практикалық дағдыларды меңгерген инженер-зерттеушілерді дайындайды. Бағдарлама заманауи технологияларды қолдануға негізделген тәжірибелік және ғылыми дайындықты біріктіреді.
Радиобайланыс және телекоммуникация жүйелерінің инженері; Аналогтық және цифрлық жүйелер маманы; Ақпараттық жүйелер мен IoT құрылғыларын жасаушы; Оптикалық және сымсыз байланыс желілері бойынша инженер; Ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкері; Жоба менеджері (байланыс және IT саласы).
Оқу мерзімі: 1 жыл (күндізгі бөлім); Тәжірибеге бағытталған оқыту; Ғылыми және қолданбалы жобаларға қатысу; Заманауи бағдарламалар мен құрылғыларды қолдану; Жеке оқу траекториялары.
Негізгі пәндер: Бағдарламалық басқарылатын желілер (SDN) және желілік функцияларды виртуализациялау (NFV); Ақпараттық-коммуникациялық жүйелердегі қауіпсіздік; Арнайы мақсаттағы радиоэлектрондық жүйелер; Ысырапсыз өндіріс (бережливое производство); Телекоммуникация саласындағы инновациялық өнімдер мен қызметтерді әзірлеу; Телекоммуникациялық желілерді оңтайландыруға арналған машиналық оқыту.
Заманауи жабдықталған зертханалар; Соңғы үлгідегі бағдарламалық қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптар (MATLAB, LabVIEW, Cisco, т.б.); Киберқауіпсіздік және цифрлық желілерге арналған оқу стендтері; Оптикалық-талшықты кабельдермен жұмыс істеу жабдықтары; Осциллографтар мен өлшеу құралдары.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары; Байланыс компанияларындағы тағылымдамалар; Стартап жобаларға қатысу мүмкіндігі; ALT университетінің Мансап орталығы арқылы қолдау.