БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
8D06257 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Профильді докторантура
Дәреже: PhD доктор
Оқу мерзімі: 3 жыл
Сандық байланыс технологияларындағы ғылым көшбасшысы бол!
- Бұл қандай білім беру бағдарламасы?
- Сіз кім болып жұмыс істей аласыз?
- Оқу барысы қалай жүреді?
- Сіз нені үйренесіз?
- Материалдық-техникалық база
- Халықаралық мүмкіндіктер, мансап және кәсіпкерлік
- Студенттерге арналған жайлы жатақханалар
PhD бағдарламасы радиотехника, электроника және телекоммуникациялар саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған. Сіз заманауи ғылыми зерттеулермен айналысып, инновациялық шешімдер жасап, жоғары технологияларды дамытуға үлес қосасыз; Профильді докторантура сандық байланыс саласындағы негізгі бағыттарды терең зерттеуге арналған, оның ішінде: сигналдарды беру және өңдеудің заманауи әдістері; жаңа буын телекоммуникациялық жүйелерді әзірлеу; бесінші буын (5G) желілері технологияларын зерттеу және енгізу; сандық телекоммуникациялық жүйелерде ақпараттың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардағы ғылыми қызметкер; Ғылыми-зерттеу және инженерлік жобалардың жетекшісі; Телекоммуникациялық технологиялар мен цифрлық қауіпсіздік саласындағы сарапшы; Жоғары оқу орнындағы оқытушы және ғылыми жетекші; Өнеркәсіп пен бизнестегі инновация бойынша кеңесші.
Оқу ұзақтығы: 3 жыл (күндізгі бөлім); Терең ғылыми дайындық; Жеке оқу траекториясы және диссертациялық жұмыс; Халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдар; Конференциялар мен тағылымдамаларға қатысу; Тәжірибелі ғалымдардан ғылыми жетекшілік.
Негізгі пәндер: Телекоммуникация объектілерін электромагниттік әсерлерден қорғау; Радиотехника, электроника және телекоммуникация саласындағы ғылыми эксперименттерді аналитикалық және имитациялық модельдеу; Телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің сіздімділік көрсеткіштерін қамтамасыз ету; Ғылыми зерттеу әдістері; Педагогикалық практика.
Заманауи жабдықталған ғылыми-зерттеу зертханалары; Арнайы бағдарламалық платформаларға қолжетімділік (Matlab, LabVIEW, CST Studio және т.б.); Эксперименттік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік; Гранттық жобалар мен халықаралық консорциумдарға қатысу.
Шетелдік университеттермен бірлескен зерттеулер; Академиялық ұтқырлық бағдарламалары (Erasmus+, DAAD және т.б.); Scopus/WoS журналдарында жарияланымдар; Халықаралық ғылыми форумдарға қатысу; Халықаралық зерттеу желілеріне қосылу; Жобаларды коммерцияландыру мен патенттеуге қолдау.
Жайлы және қауіпсіз бөлмелер; Wi-Fi, демалыс аймақтары, асүйлер; Мәдени және спорттық іс-шаралар.