РСПО
Біздің оқу орнының студенттері Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 2-кезеңіне қатысты. Олар «Көліктік логистика», «Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары», «Логистика негіздері» пәндері бойынша бақ сынады. Жарыс нәтижесінде студенттеріміз жоғары білімдерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
I орын – Сапар Зейнет, ғылыми жетекшісі – «Көлік қызметтері және бизне» кафедрасының сениор лекторы Олжабаева Раушан Сериковна.
II орын – Әділ Ислам Ғалымжанұлы, ғылыми жетекшісі – PhD, «Жылжымалы құрам» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Бақыт Ғабит Бақытұлы.
III орын – Сивкова Анна Дмитриевна, ғылыми жетекшісі – «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасының сениор лекторы Урсарова Айнұр Қосымжанқызы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға оқудағы, ғылыми қызметтегі одан әрі табыстарына тілектеспіз!