Select Page

Магистратураға түсу

Өтініштерді қабылдау кезеңі

Жылына 2 рет

  1. 1 маусым – 15 шілде
  2. 25 қазан – 10 қараша

Кешенді тестілеуді өткізу кезеңі

Жылына 2 рет

  1. 22 шілде – 10 тамыз
  2. 11 қараша – 11 желтоқсан

Конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау

Жылына 2 рет

  1. 11 – 14 тамыз
  2. 13 – 25 желтоқсан

Қабылдау

Жылына 2 рет

  1. 15 – 26 тамыз
  2. 26 желтоқсан – 10 қаңтар

Бейіндік пәндер комбинациясы

 

ББ дайындау бағыты ГОП атауы ББ атауы ЖО кейін
1 бейінді пән 2 бейінді пән

МАГИСТРАТУРА

1 Көлік қызметтері М151 көлік қызметтері 7М11351 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік 1,5 жыл) Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
7М11352 Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
7М11353 – Жоғары жылдамдықты темір жол көлігіндегі экономика, экология және инфрақұрылым Көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
М152 Логистика (салалар бойынша) 7M11354 – Логистика (салалар бойынша) Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
7M11355 – Логистика (салалар бойынша) Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
7M11356 – Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика Жеткізу тізбегін басқару Көліктік логистика
2 Инженерия және инженерлік Іс М100 Электротехника және автоматтандыру 7M07143 технологиялық кешендерді басқару (бейіндік 1,5 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Сызықтық автоматты басқару жүйелері
7М07144 Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Сызықтық автоматты басқару жүйелері
М104 Көлік, көлік техникасы және технологиялары 7М07145 темір жолдардың жылжымалы құрамы(бейіндік 1,5 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07146 темір жолдардың жылжымалы құрамы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07147 Автомобильдер және жол техникасы (бейіндік 1,5 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
7М07148 Автомобильдер және жол техникасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
М099 Электротехника және энергетика 7М07149 Электр энергетикасы (бейіндік 1,5 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Электр машиналары
7М07150 Электр энергетикасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электротехниканың теориялық негіздері Электр машиналары
3 Коммуникациялар және коммуникациялық технология М096 коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар 7М06233 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (бейіндік 1,5 жыл) Электрлік байланыс теориясы Радиотехника және телекоммуникация негіздері
7М06234 Радиотехника, электроника және телекоммуникация (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) Электрлік байланыс теориясы Радиотехника және телекоммуникация негіздері
4 Инженерия және инженерлік Іс М210 Магистральдық желілер және инфрақұрылым 7M07161 Көлік инфрақұрылымының инженериясы Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік құрылыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
7M07162 Көлік инфрақұрылымының инженериясы Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік құрылыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
М310 Көлік құрылыстары 7М07159 Көлік құрылыстары Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік құрылыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері
7М07160 Көлік құрылыстары Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы Көлік құрылыстарын ұйымдастыру және жоспарлау негіздері

Өтініштерді қабылдау

Магистратураға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

Магистратураға түсуші тұлғалар ЛжКА -ға және (немесе) Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес Президент- ЛжКА ректоры атына белгіленген нысандағы өтініш;
  2. жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
  3. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет (және электрондық нұсқа);
  5. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-у нысанындағы медициналық анықтама»;
  6. бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстырып тексеру жүргізілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған кезде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Қабылдау емтихандары

Магистратураға түсуші тұлғалар КТ тапсырады, оның ішінде шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша Ағылшын, Неміс, Француз), білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша тест, оқуға дайындығын анықтау үшін таңдау бойынша қазақ немесе орыс тілінде тест тапсырады.

КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) айқындайтын КТ өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өткізеді.

КТ нәтижелері 150 балдық бағалау жүйесі бойынша бағаланады (1-қосымша). КТ нәтижелері бойынша сертификат беріледі.

Түсу емтихандарын және КТ-ны оларды тапсырған жылы қайта тапсыруға жол берілмейді.

КТ өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы №230 бұйрығымен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

КТ-ға қатысу үшін түсуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ақпараттық жүйесі арқылы өтініш тапсырады:
1) app.testcenter.kz сайтына кіреді;
2) өтініш беру жүйесінде электронды пошта арқылы тіркеледі;
3) өтініш беру жүйесінде авторизациядан өтеді;
4) «өтініш беру» бетіне өтеді;
5) түсуші КТ өткізу қағидаларымен танысып, келісетінін растайды;
6) қажетті тестілеу нысанын таңдайды;
7) өтінішті толтыруды жүзеге асырады;
8) тестілеуге қатысу үшін төлемін жасайды;
9) барлық кезеңдерден сәтті өткеннен кейін «Сіздің өтінішіңіз қабылданды!» деген мәлімдеме шығады.
Түсушілер тестілеу тапсыру орнын өз еркімен таңдай алады.
Егер де тестіленушіге берілген өтінішті түзету қажет болған жағдайда (тестілеу орны, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), өтініш беру базасы жабылғанға дейін «Менің тарихым» бетіне өтіп, өтінішті ашып, «Өтінішті түзету» батырмасын басу керек».

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру салаларының білім беру бағдарламалары топтарына, сондай-ақ «әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарына магистратураға түсуші адамдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес GRE стандартталған тестін тапсырғаны туралы Graduate Record Examinations (грэдуэйт рекорд емтихан) халықаралық сертификаты болған кезде қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.

«Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағытының білім беру бағдарламалары топтарына магистратураға түсетін тұлғалар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баллдары бар Graduate Management Admission Test (грэдуэйт мэнэджмент адмишен тест) стандартталған тестін тапсырғаны туралы халықаралық сертификаты болған кезде қазақ немесе орыс тілдерінде оқытатын магистратураға КТ-дан босатылады.

Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығын және қолданылу мерзімін ЛжКА қабылдау комиссиясы тексереді.

Магистратураға түсушілер өтініште бір білім беру бағдарламаларының тобын және 3 (үш) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын көрсетеді.

КТ нәтижелері олар өткізілген күні жарияланады.

Қабылдау

ЛжКА магистратурасына қабылдау күнтізбелік жылдың 15 – 28 тамыз және 26 желтоқсан – 10 қаңтар АЛиТ қабылдау комиссиясы жүзеге асырады. ЛжКА магистратурасына тұлғаларды қабылдау шекті балл жинаған кешенді тестілеу қорытындылары бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға кешенді тестілеу бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.
Оқуға түсуші мынадай құжаттарды тапсырады:
1) президент-ректор ЛжКА атына өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) өлшемі 3×4 сантиметр алты фотосурет (және электронды нұсқасы);
5) «денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075-у нысанындағы медициналық анықтама»;
6) бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі

Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламаларының тобын және үш жоғары оқу орнын көрсетеді. Республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда жарияланады. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті оқуға түсуші құжаттармен бірге қабылдау комиссиялары 27 тамызға дейін береді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер ЛжКА-ға күнтізбелік жылдың 25 тамызына дейін береді:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);

3) КТ сертификаты және осы Қағидалардың 2.3-тармағының 4-тармақшасында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (олар болған жағдайда-магистратура үшін);

4) шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын сертификат және баллдары көрсетілген білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтиханын тапсырғаны туралы үзінді (докторантура үшін);

5) еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкімі орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі. ЖАО білім беру гранты иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. ЖАО білім беру грантының иегерімен «ЖАО-студент-ЖОО»үшжақты шарты жасалады.

Магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша
ақылы негізде 2023-2024 оқу жылына
ОҚУ ҚҰНЫ

 

ББТ атауы ББ атауы Жалпы құны
1 М096 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (бейіндік 1,5 жыл) 800 000
Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
2 М099 Электротехника және энергетика Электр энергетикасы (бейіндік 1,5 жыл) 800 000
Электр энергетикасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
3 М100 Автоматтандыру және басқару Технологиялық кешендерді басқару (профильдік 1,5 жыл) 800 000
Автоматтандыру және басқару (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
4 М104 Көлік, көлік техникасы және технологиялар Темір жолдардың жылжымалы құрамы (бейіндік 1,5 жыл) 700 000
Темір жолдардың жылжымалы құрамы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 700 000
Автомобиль және жол техникасы (профильдік 1,5 жыл) 700 000
Автомобиль және жол техникасы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 700 000
5 М126 Көлік құрылысы Көлік құрылысы (бейіндік 1 жыл) 800 000
Көлік құрылысы (бейіндік 1,5 жыл) 800 000
Көлік құрылысы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
6 М151 Көлік қызметтері Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (бейіндік 1,5 жыл) 780  000
Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 780 000
Жоғары жылдамдықтағы теміржол көлігінде экономика, экология және инфрақурылым (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 780 000
7 М152 Логистика (салалар бойынша) Логистика (сала бойынша) (бейіндік 1,5 жыл) 800 000
Логистика (сала бойынша) (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
Ресурсті үнемдейтін өндірістік логистика (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 800 000
8 М210 Магистральдық желілер және инфрақұрылым Көлік инфрақұрылымының инженериясы (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 700 000
Көлік инфрақұрылымының инженериясы (бейіндік 1,5 жыл) 700 000
9 М310 Көлік имараттары Көлік құрылыстары (бейіндік 1,5 жыл) 700 000
Көлік құрылыстары (ғылыми-педагогикалық, 2 жыл) 700 000

Зерттеу бағыты бойынша ғылыми кеңесшіні таңдаңыз

Шетелдік білім алушыларға

Шетелдіктерді магистратураға және докторантураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуы, магистратура бағдарламалары бойынша стипендиялық бағдарламаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау ЛжКА қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

Білім алудың артықшылықтары

Ғылыми-педагогикалық және бейінді бағыт бойынша 18 білім беру бағдарламасы

Инновациялық білім беру бағдарламалары

Мол тәжірибесі бар оқытушылар, ғалымдар мен зерттеушілер

Көлік, логистика, IT-технологиялар және цифрлық телекоммуникация саласындағы үздік бағдарламалар

Қазақстан мен әлемнің үздік ғылыми басылымдарында мақала жариялау

Ағылшын тілін тереңдетіп оқыту

Шетелдік тағылымдама

Ғылыми зерттеудің қолданбалы түрі

Тәжірибелік маңызы бар диссертациялардың өзекті тақырыптары

Заманауи құзыреттілік пен практикалық дағдылар

Жетілдірілген ғылыми-зерттеу базасы

Барлық білім беру бағдарламалары бизнесте танылып, аккредитациядан өткен

Стартаптармен жұмыс істеуге жағдай жасалған

Заманауи технологиялар, менеджмент және бизнес саласындағы білім

Көшбасшыларды даярлау дәстүрі

Оқу ақысын төлеудің қолайлы шарттары

Гранттар, стипендиялар, жеңілдіктер

Гранттар мен 100% – ға дейінгі жеңілдіктер: мемлекеттік гранттар, президент-ректор гранттары, » ҚТЖ «ҰК «АҚ,» ҚТЖ-Жүк тасымалы «АҚ,» KAZENERGY «қауымдастығының гранттары мен стипендиялары, «Магистраль» бағдарламасы бойынша гранттар, оқу үшін икемді төлем жүйелері және материалдық қолдау

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕР ҮШІН ЖЕҢІЛДІКТЕР БЕРУ

Сипаттамасы

Жеңілдік мерзімі

Жеңілдік, %

Үздік дипломы бар ЛжКА (ҚазККА) бакалавриаттың түлектері үшін

Оқудың барлық кезеңі

30%

ЛжКА (ҚазККА) бакалавриат түлектері үшін

Оқудың барлық кезеңі

20%

Бір ЖОО-ның бакалавриат бағдарламасының үш түлегінен тұратын және ғылыми-педагогикалық бағытқа (2 жыл) құжат тапсыратын (АЛиТ-тен басқа) бітірген талапкерлер тобы үшін

Оқудың бірінші жылы

15%

ЛжКА (ҚазККА) колледжінің және ЛжКА штаттық қызметкерлері үшін (магистратураны бітіргеннен кейін ЛжКА-да 1 жыл жұмыс істеуге келіскен жағдайда)

Оқудың барлық кезеңі

25 %

Құжаттарды тапсыру мерзімі: ағымдағы оқу жылының 28 тамызына дейін.

Қажетті құжаттар:

Тиісті жеңілдікке үміткер ЛжКА қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

– Президент-Ректордың атына белгіленген үлгідегі өтініш;
– жауапты хатшының қолымен және ҚК мөртабасымен (мөрімен) куәландырылған диплом көшірмесі;
– жұмыс орнынан анықтама (қызметкерлер үшін);
– 1 жыл жұмыс істеуге келіскен міндеттеме.

Халықаралық бағдарламалар

Отто фон Гарикке атындағы Магдебург Университеті

ЕО, Германия, Магдебург

Логистика мамандығы бойынша «ERASMUS +» халықаралық бағдарламасы аясында «PRODLOG» бірлескен білім беру бағдарламасы

Петербург мемлекеттік көлік қатынастар университеті (ПМКҚУ)

Ресей,
Санкт-Петербург

ЛжКА және ПМКҚУ барлық туыс мамандықтары бойынша «Қос диплом» бірлескен білім беру бағдарламасы

ЛжКА Қабылдау комиссиясы: Алматы қ., Шевченко 97, бас оқу ғимараты, 1 қабат. Шевченко және Масанчи көшелерінің қиылысы жағынан кіреберіс
Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма-8.30-дан 17.30-ге дейін /түскі үзіліссіз/
Телефон +7 707 888 1931, 8 727 292 0707 пошта info@alt.edu.kz

Қабылдау комиссиясының өкілдіктері:
Астана қ., Гете к-сі 10А, +7 (7172) 94 28 23, 943487,
Ақтау қаласы, ш / а 9 Д. 24, +7 (7292) 43 60 57,
Ақтөбе қаласы, Смағұлов көшесі 5в, +7 (7132) 21 14 00,
Шымкент қаласы, Аймауытов көшесі, 1, +7 (7292) 31-10-51, +7 7252 92 19 19.

Приемная комиссия