БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

6B07188 IT ЭНЕРГЕТИКА

БББ атауы 6B07188 IT Энергетика
Сипаттамасы Диспетчерлеу объектілері жұмысының технологиялық режимін және пайдалану жағдайын өзгертуді жүзеге асыру үшін IT-технологиялар негізінде электр энергетикасында жедел – диспетчерлік басқару бойынша білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Логистика және көлік академиясының «Энергетика» кафедрасы Қазақстан теміржолдарында, өнеркәсіптік кәсіпорындарда, сонымен қатар метрополитенде электрмен жабдықтау саласындағы мамандарды дайындайды.

Электр энергетикасы саласындағы сапалы білім мен практикалық тәжірибені өндірістік тәжірибесі бар оқытушылар беруге дайын:

Садықбек Т.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар.

Абдрахманов Е.А. – техника ғылымдарының докторы, доцент, Еңбек сіңірген энергетик, энергетика саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар.

Жармагамбетова М.С. – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, академияның академиялық қызмет Проректоры, Құрметті теміржолшы, 2013 жылдың ЖОО Үздік оқытушысы, электр энергетикасы және темір жол көлігін электрмен жабдықтау жүйесін жобалау саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.

Калиев Ж.Ж. – РФ техника ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, электр энергетикасы, метрополитен пойыздарының қозғалысын энергетикалық-оңтайлы басқару саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.

– Электр энергетикасы саласы қызметінің барлық сферасында бағдарламалық қамтамасыз ету мен IT – технологиялардың заманауи құралдарының жетістіктерін интеграциялау.

– Қауіпсіз өмірді, электр – өрт қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін заманауи инженерлік әдістерді қолдану.

– Қабылданатын басқарушылық шешімдерді кешенді негіздеу және нәтижелерді бағалау үшін энергетика кәсіпорындарының қызметіне техника-экономикалық талдауды қолдану.

– Ақпараттық-өлшеу техникасы мен электронды құрылғыларды қолдана отырып, электр тізбектері мен электр құрылғыларының режимдік параметрлерін бағалау.

– Электр энергиясы мен электр тораптары мен қосалқы станциялардың жабдықтарының сапасына жоғары кернеу мен электр магниттік үйлесімділіктің әсерін талдау.

– Микропроцессорлық релелік қорғаныс пен автоматиканың ықтимал нұсқалары мен жұмыс параметрлері үшін қалыпты және апаттық режимдерді анықтау.

– Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әртүрлі түрлерін пайдалану, ақпаратты сақтау, өңдеу, қорғау және тарату

– Бағдарламалау құралдары мен ортасын, заманауи бағдарламалау технологияларын меңгеру.

– Әр түрлі процестердің математикалық модельдері мен әдістерін қолданып, бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасының архитектурасын жобалау.

– Интерфейстерді пайдалану, компьютерлік жүйелер мен желілердің жүйелік және қолданбалы бағдарламалық жасақтамасын орнату, конфигурациялау, тестілеу және сүйемелдеу.

– Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру үшін ақпараттық жүйелерді бағдарламалық, аппараттық, ақпараттық, математикалық, функционалдық қамтамасыз ету, оның ішінде алгоритмдер мен модельдеу әдістерін пайдалану.

Кәсіби қызмет саласы темір жол объектілері мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын өндіру, беру, бөлу және тұтынуы үшін жағдай жасауға бағытталған.

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері: «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, КМК «Метрополитен», «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары, сондай-ақ әртүрлі салалардағы басқа да энергетикалық кәсіпорындар болып табылады.

Түлектер энергетикалық диспетчер, жедел диспетчерлік басқару қызметінің мамандары, цифрлық тартылым және электр қосалқы станцияларының электромеханигі болып жұмыс істей алады.

Жоғары білім беру талабына сай жоғары білікті мамандарды даярлау үшін бүгінгі таңда заман талабына сай материалдық-техникалық база қажет. Кафедрада мамандандырылған зертханалар бар, Алматы электрмен жабдықтау дистанциясы негізінде кафедраның филиалы да жұмыс істейді. Омбы мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетімен (РТУ), Самара мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Орал мемлекеттік жол қатынастары университетімен, Дрезден техникалық университетімен, Калифорния университетінің көліктік зерттеулер институтымен, Корей ұлттық көлік университетімен, Ланчжоу көлік және коммуникация университетімен, Вроцлав қаласындағы Халықаралық логистика және көлік университетімен және басқа серіктес университеттермен достық, ғылыми-әдістемелік байланыстар жолға қойылып, белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл ынтымақтастықтың нәтижесі негізгі пәндер бойынша студенттердің академиялық ұтқырлығы болып табылады.

«KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, КМК «Метрополитен», «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары және энергетикалық бағыттағы басқа да кәсіпорындар.

Білім алушылар тәжірибенің барлық түрлерін Қазақстанның жетекші компанияларында – «KEGOC» АҚ, «АЖК» АҚ, КМК «Метрополитен», «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарында және басқа да энергетикалық кәсіпорындарда өтеді. Артықшылығы – басқа қаладан келген білім алушылар осы компаниялардың филиалдары бар Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұрғылықты жері бойынша тәжірибеден өте алады.

Cisco сертификаттары: – CCENT (Cisco Certified Entry Networking Technician) – желілік технология бойынша сертификатталған техник; – CCNA Routing and Switching (Cisco Certified Network Associate) – маршруттау және коммутация бойынша сертификатталған маман; – CCNA Security – желілік қауіпсіздік бойынша сертификатталған маман;

Приемная комиссия