ALT OLYMPIAD олимпиадасына қатысып, ALT University
ұсынған 3 жылдық оқу грантын немесе оқу ақысына
жеңілдікті жеңіп ал
Тіркелу мерзімі: 23 ақпанға дейін
Олимпиада ережелері
ALT OLYMPIAD екі кезеңнен тұрады:
I кезең
Онлайн формат — 50 логикалық сұрақ
Ең жоғары балл: 50
Өткізу күні: 2026 жылғы 27 ақпан
II кезең
Офлайн формат — таңдалған пәндер бойынша 60 сұрақ
Университет туралы бейнеролик
Өткізу күні: 2026 жылғы 17 сәуір
Ең жоғары балл: 140
Екінші кезеңге тек бірінші кезеңнен сәтті өткен қатысушылар ғана жіберіледі.
Екінші кезеңге өткен қатысушылар тізімі сайтта жарияланып, қосымша жеке байланыс нөміріне жолданады.
КЛАСТЕРЛЕР
Қандай пәндерді таңдауға болады?
1-КЛАСТЕР: ФИЗИКА
ҰБТ пәндер комбинациясы: Физика – Математика
Емтихан форматы: Физика — 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл Математика — 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл Бейнеролик — 20 балл Барлығы: 140 балл
Білім беру бағдарламалары:
BO59 — Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
BO62 — Энергетика және электротехника
BO63 — Электротехника және автоматтандыру
BO64 — Механика және метал өңдеу
BO65 — Көлік және көлік техникасы
BO74 — Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс
BO94 — Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
B126 — Көлік құрылысы
B165 — Магистральдық желілер және инфрақұрылым
B166 — Көлік құрылыстары
B265 — Темір жол көлігі
КЛАСТЕР 2: ГЕОГРАФИЯ
ҰБТ комбинациясы: География – Математика
Емтихан:
География – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Математика – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Бейнеролик = 20 балл
Барлығы: 140 балл
Мамандықтар:
ВО44 – Менеджмент және басқару
ВО46 – Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
ВО47 – Маркетинг және жарнама
ВО75 – Кадастр және жерге орналастыру
ВО95 – Көлік қызметтері
КЛАСТЕР 3: ИНФОРМАТИКА
ҰБТ комбинациясы: Информатика – Математика
Емтихан:
Информатика – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Математика – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Бейнеролик = 20 балл
Барлығы: 140 балл
Мамандықтар:
ВО57 – Ақпараттық технологиялар
ВО58 – Ақпараттық қауіпсіздік
КЛАСТЕР 4: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН
ҰБТ комбинациясы: Оқу сауаттылығы – Қазақстан тарихы
Емтихан:
Оқу сауаттылығы – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Қазақстан тарихы – 30 сұрақ × 2,0 = 60 балл
Бейнеролик = 20 балл
Барлығы: 140 балл
Мамандық:
ВО73 – Сәулет
FAQ
Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар
Олимпиада туралы
Олимпиадаға кімдер қатыса алады?
Олимпиадаға тек 2025–2026 оқу жылының талапкерлері — жалпы білім беретін мектептердің 11 (12) сынып оқушылары және колледждің соңғы курс студенттері қатыса алады.
Олимпиада сұрақтарының деңгейі қандай?
– Олимпиада сұрақтары мектеп бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Тіркелу үшін қандай құжаттар қажет?
– Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік.
Олимпиада неше турдан тұрады?
– ALT OLYMPIAD олимпиадасы 2 турдан тұрады.
Жеңімпаздарды анықтау
ALT OLYMPIAD жеңімпазы ҰБТ тапсыруы тиіс пе?
– Міндетті түрде.
Жеңімпаздар қалай анықталады?
– Жеңімпаздар жиналған балл саны бойынша анықталады.
Олимпиада жеңімпазы қай мамандықтарға грант ала алады?
– Грант иегері ALT OLYMPIAD аясында таңдаған кластерге, жинаған баллына және ҰБТ-дағы бейіндік пәндеріне сәйкес грант алады. ALT OLYMPIAD кластері мен ҰБТ бейіндік пәндері сәйкес келуі тиіс.
Жеңімпаз өз грантынан бас тарта ала ма?
– Иә, бас тарта алады. Жеңімпаз сертификатты өз қалауы бойынша пайдалана алады. Мемлекеттік грантқа түскен жағдайда, ол мемлекеттік грантты таңдауға құқылы.
info@alt.edu.kz


