Select Page

ӘСКЕРИ КАФЕДРА

Ишанов Ерназар Хамидуллович

Әскери кафедраның бастығы

Ишанов Ерназар Хамидуллаұлы, отставкадағы полковник, педагогика ғылымдарының магистрі, соғыс ардагері

Байланыс деректері: Алматы, Ауезов көшесі 48, кеңсе № 704
Жұмыс уақыты: күн сайын 09:00-ден 16:40-қа дейін (демалыс күндерінен басқа)
Электрондық пошта: e.ishanov@alt.edu.kz

М. Тынышпаев атындағы «АLТ Университеті» АҚ-да
Əскери дайындық

«М.Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ жанындағы әскери кафедра Қазақстан Республикасы азаматтарын жоғары кәсіби білім алу негізінде запастағы офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырады. Әскери кафедраның қызметі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі бекіткен нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Даярлаудың мақсаты:
Әскери кафедрадағы әскери даярлықтың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері үшін жұмылдыру резервін қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, жауапкершілігін және патриоттық санасын дамыту.

Құқықтық мәртебесі:
Әскери кафедра «М.Тынышбаев атындағы ALT университеті» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін төмендегі құжаттар негізінде жүзеге асырады.

  • Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 354 бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен келісім;
  • Университеттің ішкі нормативтік актілері.

Әскери кафедрада оқытудың ерекшеліктері
Теориялық даярлық: Студенттер әскери қызметті ұйымдастыру, инженерлік қамтамасыз ету, әскери логистика, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын басқару, әскери-медициналық даярлық және басқа да маңызды пәндерді меңгереді.

Практикалық даярлық: Практикалық даярлықтың маңызды бөлігі – әскери полигондардағы далалық сабақтар мен жаттығулар. Бұл кезеңде студенттер теориялық білімдерін армиялық қызмет жағдайына жақын ортада тәжірибе жүзінде қолданады.

Білім беру бағдарламалары
Әскери даярлық екі бағыт бойынша жүргізіледі:

Запастағы офицерлерді даярлау

  • Жалпы көлемі – 588 академиялық сағат;
  • Теориялық даярлық – 458 академиялық сағат;
  • Практикалық даярлық – 130 академиялық сағат.

Запастағы сержанттарды даярлау

  • Жалпы көлемі – 294 академиялық сағат;
  • Теориялық даярлық – 180 академиялық сағат;
  • Практикалық даярлық – 114 академиялық сағат.

Әскери іс бойынша практикалық даярлық ұлдар мен қыздарға арналған әскери-далалық жиындар түрінде әскери кафедра базасында және әскери бөлімдерде өткізіледі.

Оқыту түрлері:
Әскери даярлық келесі негізде жүзеге асырылады:

  • Тегін негізде – студенттерді іріктеу комиссиясы өткізетін конкурстың нәтижесі бойынша;
  • Ақылы негізде – іріктеу комиссиясының ұсынысын алған, бірақ тегін оқыту конкурсында өтпеген студенттер үшін.

ALT университетінде әскери дайындықтың артықшылықтары:

  • Бағдарламаны аяқтағаннан кейін әскери атақ алу;
  • Заманауи оқу жағдайында білікті оқытушылармен дайындық алу;
  • Дисциплина, көшбасшылық және басқару дағдыларын дамыту;
  • Ұлттық қауіпсіздік кадрлық резервінің бір бөлігі болу мүмкіндігі.

Конкурсқа қатысу үшін және қосымша ақпарат алу үшін ALT Университетінің әскери кафедрасына немесе әскери кафедраның ресми сайтына жүгініңіз.

Әскери кафедраның байланыс деректері

Мекен жайы: Алматы, Ауезов көшесі 48, кеңсе № 704
Жұмыс уақыты: күн сайын 09:00-ден 16:40-қа дейін (демалыс күндерінен басқа)
Электрондық пошта: e.ishanov@alt.edu.kz

Әкімшілік

Ишанов Ерназар Хамидуллович

Әскери кафедраның бастығы

Ишанов Ерназар Хамидуллаұлы
о
тставкадағы полковник, педагогика ғылымдарының магистрі, Ауғанстандағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагері

 

Сексенбаев Нурлан Маратович

Әскери кафедра бастығының орынбасары

Сексенбаев Нұрлан Маратович
запастағы полковник, әскери іс магистрі, жауынгерлік іс-қимылдардың ардагері

Чунетов Айдын Мавлетканович

Әскери кафедра бастығының орынбасары

Чунетов Айдын Мавлетканович
запастағы полковник, оқу бөлімінің бастығы, техника ғылымдарының магистрі

 

Кудабаев Болат Калхайулы

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің бастығы

Құдабаев Болат Қалхайұлы
запастағы подполковник, PhD докторы

Загитов Данияр Муратулы

«Арнайы пәндер» циклінің бастығы

Загитов Данияр Муратулы
запастағы полковник, техника ғылымдарының магистрі

 

Профессорлық-оқытушылық құрам

Тимошенков Виктор Аркадьевич

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің аға оқытушысы

Тимошенков Виктор Аркадьевич
отставкадағы полковник

Жумабеков Ансар Турарович

«Арнайы пәндер» циклінің аға оқытушысы

Жумабеков Ансар Турарович
запастағы полковник, әскери ғылымдар магистрі

Черновол Сергей Петрович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің аға оқытушысы

Макимов Ерлан Габдуллинович
отставкадағы полковник, педагогика магистрі

Садретов Бакытжан Куанышбаевич

«Арнайы пәндер» циклінің аға оқытушысы

Садретов Бақытжан Қуанышбайұлы
запастағы полковник

Кадырбаев Талгат Турганович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің аға оқытушысы

Кадырбаев Талгат Турганович
запастағы полковник

Нурбаева Марал Торехановна

«Арнайы пәндер» циклінің аға оқытушысы

Харесова Мадина Шоровна
запастағы майор, экономика ғылымдарының кандидаты

Орынбеков Тлеухан Ешмуратович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің оқытушысы

Курбанов Камилжан Касимович
запастағы подполковник, әскери іс магистрі

Асанов Ерлан Давидович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің оқытушысы

Асанов Ерлан Давидович
запастағы полковник

Борангазинов Руслан Зейноллович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің оқытушысы

Борангазинов Руслан Зейноллович
запастағы подполковник

Иминов Рустам Хамитович

«Жауынгерлік қамтамасыз ету» циклінің аға оқытушысы

Иминов Рустам Хамитович
запастағы майор

Оқу-көмекші персонал

Материалдық сүйемелдеу кеңсесі

Черновол Сергей Петрович

Өндірістік оқыту шебері

Черновол Сергей Петрович, Отставкадағы полковник

Академиялық қамтамасыз ету кеңсесі

Байгыдырова Гульнар Лесбековна

Академиялық қамтамасыз ету офисінің басшысы

Гүлнар Лесбекқызы Байғыдырова
запастағы сержант

Іс жүргізу және студенттерді есепке алу кеңсесі

Нурбаева Марал Торехановна

Іс жүргізу және студенттерді есепке алу офисінің басшысы

Нурбаева Марал Торехановна
запастағы аға сержант

Материалдық-техникалық кеңсе

Орынбеков Тлеухан Ешмуратович

Аға инженер

Орынбеков Тлеухан Ешмуратович
запастағы майор

Алибеков Берик Темирболатович

Инженер

Алибеков Берик Темирболатович
запастағы прапорщик

Әскери-есептік мамандықтар

Әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери даярлық келесі бағдарламалар негізінде жүргізіледі:

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламалары бойынша келесі әскери-есептік мамандықтар:

  • Жалпыәскери бөлімшелерді басқару – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай;
  • Әскери істе инженерлік қамтамасыз ету – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай;
  • Әскери істе теміржол логистикасы – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай;
  • Әскери ұжымдағы әлеуметтік және идеологиялық жұмыс – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай;
  • Әскери істе экономика және қаржы – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай;
  • Әскери істе автомобиль логистикасы – оқу мерзімі 2 жыл 5 ай.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламалары бойынша келесі әскери-есептік мамандықтар:

  • Кіші буындағы мотоатқыш бөлімшелерін басқару – оқу мерзімі 1 жыл 5 ай;
  • Әскери істе автомобиль логистикасы – оқу мерзімі 1 жыл 5 ай;
  • Кіші буындағы артиллериялық бөлімшелерді басқару – оқу мерзімі  1 жыл 5 ай.

Әскери кафедра циклдары

Кафедра_БПОПЧС

«Жауынгерлік қамтамасыз ету » циклы

Кафедра СД

«Арнайы пәндер» циклы

Skip to content
Приемная комиссия