Халықаралық студенттерге арналған ақпарат
Мұхаммеджан Тынышпаев атындагы ALT Университетіне шетелдік азаматтардың түсу рәсімі күрделі емес. Бірақ Қазақстанға келер алдында МЫНАНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ:
- Университетке оқуға рұқсат/шақырту алу үшін a.mustafa@alt.edu.kz электронды поштасы арқылы байланысуыңыз қажет;
- Біз сізді әлеуетті студенттер базасына енгізуіміз үшін құжаттарды онлайн тапсыра аласыз.
Ол үшін келесі құжаттардың скриншоттарын немесе фотосуреттерін (JPEG, PNG форматында) дайындаңыз:
- Диплом және оның қосымшасы (Қазақстан Республикасының аумағында нотариуспен куәландырылған, орыс немесе қазақ тілдеріне аудармасы бар 2 дана);
- Төлқұжат (Паспорт);
- №75/у медициналық анықтамасы (міндетті түрде флюорографиялық сурет және ЖИТС (СПИД) жоқтығы туралы анықтама қоса берілуі керек).
Қазақстанға келгеннен кейін, Мұхаммеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын (оригиналын) өткізесіз. Түсу үшін қажетті құжаттардың толық тізімімен төменде таныса аласыз.
- Құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өту (Бакалавриат).
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
Шетелдік азаматтармен олардың дайындық деңгейі Мұхаммеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде оқу талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында әңгімелесу (собеседование) өткізіледі. Әңгімелесу нәтижесі бойынша талапкер студенттер қатарына қабылданады.
Байланыс:
Телефон: +7 776 000 1335
Почта: a.mustafa@alt.edu.kz
Іс-шаралар
ALT University Олимпиадасы — 2026
Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Саха Республикасының (Якутия) талапкерлерін «ALT University Олимпиадасы – 2026» шарасына қатысуға шақырады! Олимпиада дарынды мектеп түлектеріне өз қабілеттерін көрсетуге, жетістіктерін дәлелдеуге және Қазақстанның жетекші...
ALT University Қытай өкілдігінің директоры Нинбодағы сауда-экономикалық іс-шараға қатысты
2026 жылғы 21 мамырда Қытай Халық Республикасының Нинбо қаласында «Жібек жолындағы жаңа мүмкіндіктер: Қазақстан» атты экономикалық, сауда және құқықтық ынтымақтастық іс-шарасы өтті. Іс-шараны Қытайдың Халықаралық сауданы дамыту комитетінің Нинбо бөлімшесі (CCPIT...
Пекин көкжиегі: ALT University CIEET 2026 көрмесінде
10–11 сәуір аралығында ALT University делегациясы Бейжің қаласында өткен China International Education Exhibition Tour (CIEET) 2026 халықаралық көрмесіне қатысты. Іс-шара China National Convention Center алаңында, “Study in Kazakhstan” ұлттық павильоны құрамында...





