Select Page

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University Саха Республикасының (Якутия) талапкерлерін «ALT University Олимпиадасы – 2026» шарасына қатысуға шақырады!

Олимпиада дарынды мектеп түлектеріне өз қабілеттерін көрсетуге, жетістіктерін дәлелдеуге және Қазақстанның жетекші көлік-логистикалық әрі техникалық университеттерінің бірінде білім алуға шақырту алуға бірегей мүмкіндік береді.

Қатысушыларды Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-де оқудың келесі артықшылықтары күтеді:

  • Бірқатар білім беру бағдарламалары бойынша 3 жылдық оқу мерзімі;

  • 68 білім беру бағдарламасы;

  • Халықаралық деңгейде танылатын диплом;

  • Қолжетімді оқу құны және төлем жасаудың икемді шарттары.

Олимпиадаға қатысу үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

  1. Регистрациялық форманы толтыру;
  2. Өзіңіз туралы 5 минуттық видеопрезентация дайындау;
  3. Іріктеудің келесі кезеңдері туралы ақпаратты күту.

Олимпиаданың кестесі мен кезеңдері:

  • 1-кезең (Іріктеу): 2026 жылғы 30 маусым

  • 2-кезең (Финал): 2026 жылғы 2 шілде

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 29 маусым.

Олимпиада Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT University-дің шетелдік дарынды жастарды тарту жөніндегі бастамасы аясында өткізілуде. Байқауға қатысу Якутиядан келген талапкерлерге университеттің білім беру мүмкіндіктерімен танысуға және Қазақстанда сапалы жоғары білім алуға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді.

Тіркелу

Қатысу үшін онлайн-өтінімді толтыру қажет:

👉 ALT UNIVERSITY ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕЛУ ФОРМАСЫ – 2026

ALT University-дің халықаралық қоғамдастығының бір бөлігі болу және Алматы қаласында сапалы білім алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Автор: Мұстафа А. Б.

Skip to content
Приемная комиссия