Құрметті әріптестер!
«Радиотехника және телекоммуникациялар» кафедрасы Сіздерді келесі тақырыптағы Форсайт-сессияға қатысуға шақырады:
«6В06209 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар білім беру бағдарламасын дамыту перспективалары»
- Өткізілетін орны: М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті, В409 аудиториясы
- Күні мен уақыты: 10.04.2026, сағат 10:00
Іс-шара аясында келесі блоктар қарастырылған:
-
Талдау бөлімі – мамандарды даярлаудың ағымдағы жағдайы мен нәтижелерін талдау;
-
Сарапшылық пікірталас – радиотехника мен телекоммуникациялардың заманауи даму тенденциялары (5G/6G, IoT, цифрлық желілер, спутниктік технологиялар);
-
Топтық жұмыс – білім беру бағдарламасын жаңарту бойынша ұсыныстар дайындау (жаңа пәндерді енгізу, зертханалық базаны жетілдіру, кәсіпорындармен өзара әрекеттесуді кеңейту).
Салалық сарапшылардың (Transtelecom, Kazakhtelecom, RTeL Group, Teltonika, Kcell, Beeline, Tele2, Huawei, Kazakhstan Temir Zholy, Allons Telecom, OPTECH, Jusan mobile) қатысуы білім беру бағдарламасының практикалық бағытын күшейтуге мүмкіндік береді.
Жоғары білікті мамандарды даярлау ісіне қосатын үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз.


