Құрметті студенттер мен оқытушылар!
ALT University-де телекоммуникация саласының жетекші маманымен кездесу өтеді. Кездесу аясында цифрлық әлемнің «күре тамыры» саналатын оптикалық кабель технологияларының бүгіні мен болашағы талқыланады.
Спикер: Мұхтарұлы Азамат – «Алматытранстелеком» филиалының Екіншілік желіге қызмет көрсету қызметінің бастығы.
Өтетін уақыты: 27 ақпан 2026 жыл Сағаты: 11:00 Өтетін орны: ALT UNIVERSITY, 4-қабат, конференц-зал.
Теориялық білімді өндірістік тәжірибемен ұштастыру мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! Барлық ниет білдірушілерді күтеміз.


