Логистика және көлік академиясы 2024 жылы 26 сәуірде Тұңғыш қазақ инженері М.Тынышпаевтың 145 жылдығына және Қазақстан темір жолының 120 жылдығына арналған «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, өндіріс» IV Халықаралық конференциясын өткізеді.
Конференцияға бизнес-қоғамдастық өкілдері, көлік-логистика және телекоммуникация салаларының жетекші кәсіпорындарының мамандары, ғалымдар, оқытушылар, PhD докторанттар, магистранттар мен ЖОО студенттері шақырылады.
Конференцияның негізгі мақсаты білім алушылардың ғылыми ойлауын, көшбасшылық құзыреттерін, шығармашылық қабілеттерін ашуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал ететін тәжірибелер, зерттеулер, заманауи әдістер мен тәсілдермен алмасу болып табылады.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
- Көліктегі сандық жүйелерді дамытудың өзекті мәселелері;
- Телекоммуникациялық байланыс жүйелерін дамытудың мәселелері мен перспективалары;
- Электр энергетикасындағы сандық технологиялар;
- Логистикадағы инновациялық технологиялар;
- Тасымалдау процесіндегі инновациялар;
- Автомобильдер мен жол техникасы;
- Теміржол жылжымалы құрамын жобалау, пайдалану және жөндеу;
- Құрылыс инженериясының өзекті мәселелері;
- Қазіргі заманғы зерттеулер тұрғысынан техникалық және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен дене тәрбиесінің өзекті мәселелері;
- Тілдерді оқыту үдерісіндегі инновациялық басымдықтар.
Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға ұсынылатын баяндамалар өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы немесе маңызды практикалық мәнге ие болуы тиіс. Студенттердің күндізгі қатысуының үздік баяндамалары ЛжКА дипломдарымен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімі негізінде конференцияның материалдар жинағына енгізіледі.
Конференцияға қатысу нысаны – күндізгі / сырттай.
Конференция қорытындысы бойынша ISBN халықаралық нөмірін бере отырып, ЕЭБ-ке кіретін конференция материалдарының жинағы шығарылатын болады.
Баяндамалар мен тіркеу нысандарын ұсынудың соңғы мерзімі 24.04.2024 ж. дейін.
Конференцияға қатысу үшін конференцияның Ұйымдастыру Комитетінің мекен-жайына isc@alt.edu.kz «көліктегі Инновациялық технологиялар: білім, ғылым, өндіріс «IV Халықаралық Конференциясы» тақырыбында міндетті түрде көрсете отырып қағаз және электронды түрде келесі материалдарды ұсыну қажет:
- 1-қосымшаға сәйкес қатысуға өтінім (Файл атауы бірінші автордың тегіне сәйкес болуы тиіс);
- 2-қосымшаға сәйкес ресімделген мақала (тіркелген файлдың атауында: бірінші автордың тегі, мақаланың атауы);
- төлем туралы түбіртек.
Жинақтың электрондық нұсқасын ала отырып, авторлар үшін бір мақаланы жариялау құны 5 000 теңгені құрайды.
Төлем туралы ақпарат
ДЕРЕКТЕМЕЛЕР:
«Логистика және көлік академиясы» Акционерлік қоғамы
050012 Алматы қ., Шевченко к-сі, 97
БСН 010740000551, КБЕ: 17
«Нұрбанк» АҚ шотының № KZ6184901KZ503555000
БИК NURSKZKX
ҚҚС 60001 сериясы №1218806 27.01.2021 ж
Аудару кезінде «ЛжКА IV Халықаралық конференциясының материалдарында жарияланғаны үшін» деген белгі қойып, өз тегі мен аты-жөнін көрсету қажет.
Конференцияға келуге, қонақ үйге орналастыруға байланысты шығындар қатысушылардың немесе жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Шетелдік қатысушылар Материалдар жинағында тегін жариялауға құқылы.
Барлық материалдар талаптарға сәйкес жасалуы және мұқият өңделуі керек. Талаптарға сәйкес келмейтін және белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар қаралмайды және кері жіберілмейді. Ұйымдастыру комитеті материалдар жинағына енгізу үшін баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі 97, ЛжКА, каб. 2609. Тел.: +7 (707) 888 1931 (ішкі нөмір 1049), +7 (727) 346 1074 (ішкі нөмір 1049). E- mail: dn@alt.edu.kz.
IV Халықаралық конференция туралы ақпарат www.alt.edu.kz сайтында орналастырылған