Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2024 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша Алмалы ауданының әкімі аппараты, қоғамдық даму бөліміне (87007414519 Айгерім) және ауданның «Отбасын қолдау орталығына»(87077790708 Іңкәр) хабарлассаңыз болады.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 14 маусым.