Құрметті әріптестер!
Сіздерді келесі тақырыпта өтетін семинарға қатысуға шақырамыз:
«Жаңа буынның өндірістік практикасы: тағылымдамадан кәсіпорын міндеттерін шешуге белсенді қатысуға дейін»
- 📅 Күні: 27 ақпан 2026 жыл
- 🕙 Уақыты: 10:00
- 📍 Өтетін орны: М. Тынышпаев атындағы ALT Университеті, В508 аудиториясы
Бағдарламада:
- Практиканы ұйымдастырудың заманауи тәсілдері;
-
Студенттерді кәсіпорындардың нақты өндірістік міндеттерін шешуге тарту;
-
Жұмыс берушілермен тиімді серіктестікті дамыту.
Семинарға көлік компанияларының өкілдері мен спикерлері шақырылды. Сіздерді қатысушылар арасында көруге қуаныштымыз!
Ұйымдастырушылар: «Көлік қызметтері және бизнес» кафедрасы және «Жылжымалы құрам» кафедрасы
(PhD, ALT қауымдастырылған профессоры Л.К. Бекмағамбетова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор З.К. Битилеуова)


