Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ) ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша ғалым-постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні туралы хабарлайды:
- Табиғи ресурстарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутекті шикізатты өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және конкурстық құжаттамаға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттар.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінішті рәсімдеу мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-85, 74-20-89; қаржы мәселелері бойынша 8 (7172) 74-16-53, заң мәселелері бойынша 8 (7172) 74-24-67 телефондарына хабарласуға болады.
Call center – 1450. Жұмыс уақыты: дс. – жм. 9: 00-18: 30 сағ., түскі үзіліс 13:00 – 14:30 сағ.
«ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center (is.ncste.kz) өтініштерді тіркеу және ЖТН алу үшін: 8-727-355-50-01 (ішкі. 210, 216, 217, 218, 219, 221, 224, 226, 227, 228, 229, 231, 232, 233, 234, 235, 236). Жұмыс уақыты: дс. – жм., 9:00 – 18:30 сағ, түскі үзіліс 13: 00-14: 30 сағ.
Конкурстық өтініштер ҚР БҒМ Ғылым комитетіне электрондық түрде, постдокторант пен өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы мына сілтеме бойынша беріледі: https://is.ncste.kz. Өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 23 мамырынан басталады.
Өтініштерді ұсынудың соңғы мерзімі – 2022 жылғы 17 маусым (қоса алғанда, конкурсты ұзартусыз).
Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/373827?lang=kk