Select Page
«Жол құрылысы ғылым және бизнес» форумы

«Мұхаметжан Тынышбаев атындағы ALT Университеті» АҚ базасы негізінде «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» КЕАҚ-пен бірлесіп, Сіздерді 2024 жылғы 6 қыркүйекте Алматы қ., Шевченко к-сі, 97, Бас ғимаратында өтетін «Жол құрылысы: ғылым және бизнес» атты іс-шараға қатысуға шақырады.

Іс-шараның мақсаты:

  • Автомобиль жолдары саласындағы ғылыми зерттеулердің даму келешегін анықтау.
  • Ғылыми қауымдастық пен бизнес өзара іс-қимыл жасайтын алаңды құру.
  • Жол құрылысы, заманауи жол технологиясы мен материалдарына нәтижелерді және зерттеулерді енгізуге ықпал ету.

Қатысу артықшылықтары:

  • Коммерцияландыруға арналған дайын технологиялар мен материалдарыңызды әлеуетті инвесторлар мен салалық органдарға ұсыну мүмкіндігі.
  • Сіздің әзірлемелеріңізді одан әрі коммерцияландыру үшін байланыс орнату және инвестицияларды тарту.

Іс-шараға ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған баяндамашы ретінде қатысу үшін 2024 жылдың 20 тамызына дейін аяқталған ғылыми зерттеулеріңіздің презентациясын дайындап, төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLScKjZVEUpiYqhiraMKWLAOgjKoK1L_7j6VwO3xPMAOaekKhug/viewform

Іс-шараға тыңдаушы және форсайт сессиясының қатысушысы ретінде қатысу үшін төмендегі сілтеме бойынша нысанды толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfywzKCN-O6wAwvL6qCwyf9S_92JgRcfanuASksltDnt7KjVA/viewform?usp=sf_link

Қосымша ақпарат алу үшін Ғылым басқармасына хабарласыңыз:

+7 (7172) 72 98 19, + 7 705 343 0953 Смагулова М.К.

Қосылыңыз және Қазақстанның автожол саласының болашағына өз үлесіңізді қосыңыз!

Байланыс үшін: М. Смагулова
Электронды пошта: m.smagulova@qazjolgzi.kz

Приемная комиссия