Select Page

Erasmus +

erasmus

ALT ERASMUS + бағдарламасының 2 жобасын жүзеге асырды:

1. PRODLOG

Жобаның атауы Ресурстық тиімді өндірістік логистика бойынша Болон қағидаттарына негізделген магистрлік бағдарламаны әзірлеу
Жоба нөмері 585967-EPP-1-2017-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP
Іске асыру жылдары 2017-2020 (21)
Жоба логотипі
Жобаның веб сайты www.erasmus-prodlog.com
Z

МАҚСАТЫ:

Болон келісіміне сәйкес 18 модульмен (120 ECTS) Ресей, Қазақстан және Қырғызстан магистранттары үшін ресурс үнемдейтін өндірістік логистика бойынша пәнаралық бағдарламаны әзірлеу және енгізу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

«Ресурс үнемдейтін өндірістік логистика» бірлескен білім беру бағдарламасы

Магистратураға түсу туралы толығырақ

ЖОБАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • «Логистика»бағыты бойынша серіктес ЖОО елдерінде оқыту мүмкіндігі;
  • Үнемді логистика саласында академияның ПОҚ және қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • PRODLOG жобасы консорциумының серіктес жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасының модульдері бойынша семестрге немесе бір академиялық жылға академиялық ұтқырлық.

Консорциум құрамы

Еуропалық Жоғары Оқу Орындары:
Отто фон Гюрике атындағы Магдебург университеті, Германия  (координатор)
СИГМА Клермон, Франция
Ландсхут қолданбалы ғылымдар университеті, Германия
Мишкольца университеті, Венгрия
Ресейлік Жоғары Оқу Орындары:
Мәскеу автомобиль – жол мемлекеттік техникалық университеті
Волга мемлекеттік су көлігі университеті
Қырғыз Жоғары Оқу Орындары:
И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті
Қырғыз ұлттық аграрлық университеті
Қазақстандық Жоғары Оқу Орындары:
Қазақстан-Неміс университеті
М.Тынышбаев атындағы ALT университеті

2. EEIHSR

Жобаның атауы Economics, Ecology and Infrastructure at High-Speed Railways
Жоба нөмері 598817-EPP-1-2018-1DE-EPPKA2-CBHE-JP
Іске асыру жылдары 2018-2021 (22)
Жоба логотипі
Жобаның веб сайты www.eeihsr.com
Z

МАҚСАТЫ:

ERASMUS + бағдарламасы аясында «Economics, Ecology and Infrastructure at High-Speed Railways (EEIHSR)» жобасы (Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым) негізінде темір жолдар мен жылдам, жоғары жылдамдықты магистральдар мен ЖРК салу және пайдалану саласында мамандар даярлау бойынша қазақстандық, ресейлік және еуропалық білім беру бағдарламаларын (ББ) үйлестіру және жаңа қос дипломды магистрлік бағдарлама құру.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:

«Көлік қызметтері» бағытына арналған жоғары жылдамдықты магистральдар бойынша қос дипломды білім берудің «Жоғары жылдамдықты темір жолдардағы экономика, экология және инфрақұрылым»магистрлік білім беру бағдарламасы.

Құрастырылған магистрлік бағдарлама бұдан әрі көлік-коммуникация кешенінің қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын құруға әкеп соғады.

ЖОБАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

  • Дрезден техникалық университетімен (Германия) бірлесіп, жоғары жылдамдықты магистральдарды (ЖЖМ) және жеңіл рельсті көлікті (ЖРК) салу, тасымалдауды ұйымдастыру және пайдалану саласындағы «көлік қызметтері» бағыты бойынша қос дипломды білім алу мүмкіндігі;
  • ЖЖМ және ЖРК тасымалдауды ұйымдастыру және пайдалану саласындағы көлік компаниялары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
  • EEIHSR жобасы консорциумының серіктес жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламасының модульдері бойынша семестрге немесе бір академиялық жылға академиялық ұтқырлық

Консорциум құрамы

Еуропалық Жоғары Оқу Орындары:

Дрезден техникалық университеті, Германия (координатор)

 

 

Мадрид политехникалық университеті, Испания

 

 

Катовице экономика университеті, Польша

 

Ресейлік Жоғары Оқу Орындары:

 

Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті 

 

 

Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті 

 

 

Қиыр Шығыс Мемлекеттік байланыс жолдары университеті 

 

Қазақстандық Жоғары Оқу Орындары:
Еуразия Ұлттық университеті
Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті
М.Тынышбаев атындағы ALT университеті
Приемная комиссия