Халықаралық студенттерге арналған ақпарат
Мұхаммеджан Тынышпаев атындагы ALT Университетіне шетелдік азаматтардың түсу рәсімі күрделі емес. Бірақ Қазақстанға келер алдында МЫНАНЫ БІЛУ МАҢЫЗДЫ:
- Университетке оқуға рұқсат/шақырту алу үшін a.mustafa@alt.edu.kz электронды поштасы арқылы байланысуыңыз қажет;
- Біз сізді әлеуетті студенттер базасына енгізуіміз үшін құжаттарды онлайн тапсыра аласыз.
Ол үшін келесі құжаттардың скриншоттарын немесе фотосуреттерін (JPEG, PNG форматында) дайындаңыз:
- Диплом және оның қосымшасы (Қазақстан Республикасының аумағында нотариуспен куәландырылған, орыс немесе қазақ тілдеріне аудармасы бар 2 дана);
- Төлқұжат (Паспорт);
- №75/у медициналық анықтамасы (міндетті түрде флюорографиялық сурет және ЖИТС (СПИД) жоқтығы туралы анықтама қоса берілуі керек).
Қазақстанға келгеннен кейін, Мұхаммеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің қабылдау комиссиясына құжаттардың түпнұсқасын (оригиналын) өткізесіз. Түсу үшін қажетті құжаттардың толық тізімімен төменде таныса аласыз.
- Құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өту (Бакалавриат).
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.
Шетелдік азаматтармен олардың дайындық деңгейі Мұхаммеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінде оқу талаптарына сәйкестігін анықтау мақсатында әңгімелесу (собеседование) өткізіледі. Әңгімелесу нәтижесі бойынша талапкер студенттер қатарына қабылданады.
Байланыс:
Телефон: +7 776 000 1335
Почта: a.mustafa@alt.edu.kz
Іс-шаралар
Халықаралық білім беру серіктестігі арқылы ТДМ №4 мақсатын жүзеге асыру
2026 жылдың 31 наурызы мен 3 сәуірі аралығында ALT Университетінде Саха Республикасынан (Якутия) келген оқушылар мен ата-аналарға арналған «Білім Саха» жобасымен бірлесіп ұйымдастырылған ауқымды Кампус-тур өтті. Бұл визит университетіміздің БҰҰ-ның №4 Тұрақты даму...



