Select Page

Академиямыздағы 1 курс студенттерін студенттер қатарына қабылдаудың 5 кезеңі яғни ГРАНДФИНАЛ өте жоғары деңгейде өтті. Грандфинал Қазақстан қонақ үйінің “Grand Ballroom” үлкен залында өтті. Іс-шараның басты ерекшеліктерінің бірі Академияға арналған фотозона, арнайы фуршет, сәндеу жұмыстары кешке сай ұйымдастырылды. Кешіміздің басты мақсаты- әр командалар сахнаға шығып өз өнерлерін көрсетіп, барлық кезең бойы үздік болған топты әділқазы алқалары анықтау болды. 

Кеш жүргізушілері танымал блогерлер: Ансаган Садирханов және Диас Бейбітұлы, арнайы келген қонақтар пиксельді шоу, әншілерден Dakelot, Asik, Aidyn, Mr. Wakf, MC TANAT және DJ AKHMETOFF.Түрлі ойындар ойнатылды және сыйлық ретінде сертификаттар табысталды. Жалпы Академияның ең ауқымды жобасының тамашалауға Академия басшылығы, барлық қызметкерлер, арнайы шақырылған қонақтар келді. Кешіміз ойдағыдай өтіп, барша келген студенттер мен қонақтардың көңілінен шықты.

Приемная комиссия