Кездесу барысында бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінде бірлескен курстар мен оқыту бағдарламаларын құру, бірлескен ғылыми жобалар, экономика және менеджмент саласындағы оқу бағдарламалары, екі университет арасында студенттердің, академиялық немесе әкімшілік қызметкерлердің сапарларымен алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесуге ЖОО өкілдері қатысты:
- Логистика және көлік академиясы:
Суйменбаева Жанна Бағдатқызы-инновациялық жобалар Кеңсесінің Басшысы;
Темірбекова Маржан Нұрланқызы-жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры;
Қалтаев Айдын Қалдаяқұлы-Бизнес Инкубатор Директоры;
Бадамбаева Салтанат Ерғазықызы – директордың оқу және әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары;
Гаухар Кенжебаева – «Көліктегі Логистика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;
- Busan University of Foreign Studies:
Jung Myungsook – Dean, Office of International Affairs.
Ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы және магистратура бағдарламасы бойынша екі дипломдық оқытуды өткізу, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін академия жанынан бірлескен оқу және ғылыми-зерттеу алаңдарын құру, семинарлар, дөңгелек үстелдер, пәндік олимпиадалар өткізу, Foundation бағдарламасын құру, Академияның білім алушылары мен ПОҚ үшін академиялық ұтқырлық, академия жанынан бірлескен ғылыми шеберхана ашу, ПОҚ және білім алушылар үшін жазғы және қысқы мектептер ұйымдастыру, мамандарды даярлау үшін оқу-өндірістік база құру.